Уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

Уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс

туралы хабарландыру

 

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070002, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, анықтама телефондары/факс: 8(7232)75-32-22, 75-40-43, oblzan@socialvko.gov.kz электрондық мекенжай, «Б» корпусына уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

            1. Көші-қон бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне), D-О-3 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері: «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының оралмандар иммиграциясы, оралмандармен жұмыс жөніндегі бөлімін іске асыру. Көші-қон удерістерін үйлестіру және мониртрингілеу. Этникалық және еңбек миграциясы мәселелерін жүзеге асыруды бақылау. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша іс-әрекеттену тиімділігін бағалау бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты мониторингілеу және қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін тарту және оралмандардың мәртебесін беру. Көші-қон бойынша уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша ұсыныстар енгізеді, рұқсат құжаттарын береді, қайтарып алады, есептерін тапсырады. Оралмандардың бейімдеу және кіріктіру, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастырады.  Құзыреті шегінде сұранымдар мен өтініштердің уақтылы және сапалы орындалуына, бақылау жасау, облыс әкімінің тапсырмаларын, жоғары ұйымдардың актілерін орындауды қамтамасыз ету. Басқарма басшылығы өз құзыреті шегінде жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: «Гуманитарлық ғылыми»  саласы, немесе білім саласындағы мамандықтар (орыс тілі және әдебиет, шетел тілі, тарих, қазақ тілі және әдебиет, педагогика және психология), немесе әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес саласындағы мамандықтар (социология, еңбек ұйымдастыру және нормалау, экономикалық, қаржылық, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе құқық саласындағы мамандықтар (заңгерлік), немесе қызмет көрсету саласындағы мамандықтар (әлеуметтік жұмыс) бөлімдерінің  мамандықтары бойынша жоғары білімімен.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық,стратегиялық ойлау, көсбасшылық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

 3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

 4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына» қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не oblzan@socialvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1)         «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)        тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өтеді.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.

Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар, біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 209 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

            Анықтама телефоны: 8 (7232)75-32-22, s.abakova@akimvko.gov.kz

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?