Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы өтті

2017 жылдың 3 тамызында қала әкімінің орынбасары Н. В. Шарованың төрағалығымен қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы өтті.

 Күн тәртібіне сәйкес қаланың еңбекақы бойынша берешектері бар «Тасқора» ЖШС, «ПОСЖБ» ЖШС, «Семейпластком» ЖШС,  «Казэлектромонтаж - С» АҚ,  «Гидропромстрой» АҚ кәсіпорындарының басшылары берешектерін жою туралы  есеп берді. 

Қаралған мәселелер бойынша пікір алмасудан кейін мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізу жөніндегі спикері Н. Альменева қала кәсіпорындарында, сауда үйлерінде және базарларында жүргізіліп отырған ақпараттық - түсіндірме жұмысы туралы айтып берді.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?