Ағымдағы жылы басқармада жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру шеңберінде келесі жұмыстар атқарылды.

     Жұмыстың ерекше бағыты – мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, оларда жемқорлыққа қарсы иммунитет тәрбиелеу.

       Осы мақсатта 2016 жылы ведомствоға бағынысты мекемелердің директорларымен, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің қызметшілері жемқорлық бойынша заңнаманы түсіндіру бойынша         2 семинар өткізді. Сондай-ақ басқарманың қызметшілерімен аталған мәселе бойынша 2 кеңесу жүргізілді, әдеп бойынша уәкілетті тұлғаның міндеттері бойынша, «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі ережелері», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң бойынша түсіндіру берілді. Мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдайды. Аталған жұмыс мемлекеттік қызметшіде, лауазымды тұлғада белсенді азаматтық көзқарасымен тәртіп стандартының тұрақты қалыптасуына және барлық күшін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметке бағыттауға, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтап, өз жұмысын адал орындауға  ықпалын тигізеді. Басшылық бүкіл ұжымның қатысуымен айына екі рет ашық кеңестер өткізеді, онда басқарманың ағымдағы жұмыс мәселелері кеңінен қаралады, бұл өз кезегінде жұмыс айқындығын қамтамасыз етеді және жауапкершілікті тәрбиелейді.

     Басқарма әлеуметтік қызмет ардагерлерімен байланыс ұстап отырады, басқарма өткізетін барлық іс-шараларға жас мемлекеттік қызметшілермен қоса қоғамдық жұмысқа, жастар іс-тәжірибесіне тартылған қызметшілер де белсенді қатысады: ҰОС ардагерлері мен қатысушыларын, тыл еңбеккерлерін құрметтеу, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін құрмет демалысына шығару, Қарт адамдар күні, кәсіби мерекелер және т.б., бұл сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

     Басқарманың ішінде және барлық интернет-ресурстарда әдеп бойынша уәкілетті тұлғаның қабылдау кестесі және ұсынылатын мемлекеттік қызмет тізбесі орналастырылған.

     Басқарма сайтында «Мемлекеттік қызмет» бөлімі бар, онда ҚР мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетін реттейтін НҚА-лер, ар-намыс кодексі бар. «Басқарма жөніндегі» бөлімде басқарманың байланыс деректері, қала картасында орналасқан жері, басқарманың құрылымы және басқарманың ережесі бар.

     Сондай-ақ «Жемқорлыққа жол жоқ» бөлімі бар, онда сенім телефоны, жемқорлыққа қарсы күрес мониторингі және басқарма бойынша 2016 жылғы 1 жартыжылжықта жемқорлық қаупін ішкі талдау бойынша ақпарат, «Қоғамдағы жемқорлыққа қарсы атмосфера қалыптастыру» жобасын іске асыру барысындағы сұрақтарға жауаптар  көрсетілген.

     «Өзіңнен баста» бөлімі бар.

     МӘМ жұмысының прокурорлық тергеу нәтижесі бойынша екі МӘМ-де: Первомай МӘМ (А.И.Ухваткин) және Бозанбай МӘМ (А.Н. Сүттібаев) «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң бойынша бұзушылықтар анықталып, басшыларға тәртіптік ескертулер салынды.

      Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өту кезінде ҮЕҰ, «Нұр Отан» париясының өкілдері шақырылады, конкурстың техникалық құралдар арқылы жазылуы пайдаланылады. Сонымен қоса, ведомствоға бағынысты мекемелер директорлары лауазымдарына ҚР Еңбек кодексінің 139-бабы 1-тармағына сәйкес орналасады. Осыдан бұрын басқарма басшысы тағайындайтын. Ағымдағы жылы 2 конкурс өткізілді. Оның қорытындысы бойынша «Семей қаласы психоневрологиялық ауруларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ және «Уба» шипажайы» КММ директорлары тағайындалды.

     Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес қаралады.

      2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жыл басынан басқармаға 268 өтініш келіп түсті, оның ішінде 207 жеке тұлғадан. 9 өтініш құзырлығы бойынша төмен органға жіберілді, 191 қаралды. Оның 15 өтінші қанағаттандырылды, 176 түсіндіру берілді, 7 өтініш қаралу үстінде. Заңды тұлғалардан 61 өтініші келіп түсті. Оның ішінде 3 құзыреттілігі бойынша жіберілді, 1 өтініш қанағаттандырылды, 56 өтінішке түсіндіру берілді, біреуі қаралу үстінде. Өтініштерге жауап уақтылы беріледі. Басқармаға жемқорлық сипатында өтініштер келіп түспеді. «Айқын» жүйесін енгізумен байланысты өтініштер қаралуының айқындығы қамтамасыз етіледі.

     Орындау тәртібі мәселесі бақылауға алынған, әр жедел кеңесуде қаралады.

     Басқарма басшысы «Нұр Отан» партиясының филиалында, облыс әкімдігінде, басқармада бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдау жүргізеді.

     2015 жылғы 9 ақпандағы № 45 бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес басқарма екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1.  Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту;

2. Оралман мәртебесін беру.

     Мемлекеттік қызметті сапасыз және мерзімін бұзып көрсету бойынша шағымдар мен өтініштер басқармаға келіп түспеді.

      Басқармада бюджеттік қатынастар Бюджет кодексімен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңымен реттеледі.

     Бюджет кодексіне, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес Басқарманың қаржы жылына арналған бюджетін заңнамада көзделген уақытта әзірлеу, қарау және атқару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мамандардың оқытылуы жүргізіледі.

     Жұмыстың тағы бір бағыты – тұрғындармен тікелей тілдесу. Облыстың қалалары мен аудандарында әлеуметтік қамту саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша тұрғындармен және ауылдық округтер әкімдерімен 29 кездесу өткізілді. Түсіндіру жұмыстары сонымен қоса бұқаралық ақпараттар құралдарында жүргізіледі. Басқарма басшысы 2 брифинг, 4 үндесу өткізді, бөлім басшылары 15 интервью берді, жергілікті баспа қызметтерінің сұранымдарына 31 жауаптар берілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?