Ақпарат

2018 жылдың   6-10-қыркүйек күндері аралығында  «Үржар  балаларға  арналған  арнайы  әлеуметтік  қызмет  көрсету  орталығы» КММ қызмет алушыларының қатысумен Ресейдің  Санкт-Петербург  қаласында  Континенттер Кубогы үшін арбада  отырып  билеуден турнир өтті.

Бұл  турнирға «Шабыт» би  тобы  төмендегідей  құрамда қатысты:  «Үржар  балаларға  арналған  арнайы  әлеуметтік  қызмет  көрсету  орталығы» КММ қызмет  алушысы Журавлев  Алексей және орталық түлектері Манабаев Бағылан, Төлегенов Әлібек және  олардың жұптары Бауыржан Момышұлы атындағы орта  мектептің  оқушылары Д.Мирных, А.Кривохожина , А. Кривохожина.

Жарыс  қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы  атынан қатысып,  осы  турнирда жасөспірім  ретінде өнер  көрсеткен    Алексей  Журавлев  І орын  алып, алтыннан  алқа  тақты  және арнайы «Паралимпийские  надежды» Кубогына ие  болды. Сонымен қатар «Шабыт» би  тобы  жүлделі  үшінші  орынға  шығып,  қола медальмен  марапатталды.

Орталықтың қызмет  алушысы Журавлев  Алексей мен  орталық түлектері Манабаев Бағлан  мен  Төлегенов Әлібекке «Жамбыл» қоғамдық қорынан «LUKOR» компаниясы  әзірлеген  арнайы  спорттық би билеуге  арналған арбалар  табыс  етілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?