АӘК-тің жаңа форматы еліміздің өңірлерінде «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында 2014 жылдан бастап шартты ақшалай көмекті көрсету түрінде жүзеге асырылуда

АӘК-тің жаңа форматы еліміздің өңірлерінде «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында 2014 жылдан бастап шартты ақшалай көмекті көрсету түрінде жүзеге асырылуда.

         АӘК-тің жаңа форматын енгізуде негізгі рөл табысы аз отбасыларды анықтау мен ақпараттандыру және АӘК-тің жаңа форматына тарту, табысы аз отбасылардың белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау және осындай отбасыларды әлеуметтік қолдау міндеттері жүктелген Жұмыспен қамту орталықтарына беріледі.

«Өрлеу» жобасының мақсаты - халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, кедейлік ауқымын қысқарту, әлеуметтік масылдықтың алдын алу.

 Жұмыспен қамту орталығының міндеті:

- халықты «Өрлеу» жобасының шарттары туралы ақпараттандыру;

- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-нан төмен, құрамында еңбекке қабілетті азаматтары бар, табысы аз отбасыларды «Өрлеу» жобасына  барынша тарту;

- табысы аз отбасылардың барлық еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту;

- табысы аз отбасылардың мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге ықпалдасу.

 

"Өрлеу" жобаға қатысу шарттары:

1. Жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-нан төмен жеке тұлғалар немесе отбасылар жобаның қатысушылары бола алады.

2.  Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу  «Өрлеу» жобасына қатысудың міндетті шарты болып табылады.

3. «Өрлеу» жобасына қатысушы отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға міндетті.

4.  Ақшалай көмекті тағайындау заңнамада айқындалған жағдайларда қосымша тағы 6 айға созу мүмкіндігімен 6 ай жүзеге асырылады.

         Жұмыспен қамту орталықтарының атынан «Өрлеу» жобасы бойынша Ассистенттер басқа мемлекеттік органдармен (халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдерімен, ауылдық округ әкімдерімен және т.б.) бірлесе отырып, табысы аз мұқтаж отбасыларды анықтайды.

 

Мұқтаж отбасыларды анықтау үшін Ассистент отбасыларға мынадай критерийлер бойынша талдауды жүргізеді :

- тұрмыстық жағдайы (жеке тұрғын үйдің, жеке қосалқы шаруашылықтың, автокөліктің болуы және т.б.);

- отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны, оның ішінде еңбекке қабілеттілер, балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер, күтім жасап отырған адамдар және т.б.);

- отбасы табысы (отбасы мүшелерінің табысы, отбасының жан басына шаққандағы табысы);

-     отбасы мүшелерінің әлеуметтік деңгейі (жұмыс істейтіні, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, зейнеткер, студент және т.б.).

          Отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін «Өрлеу»  жобасына тарту үшін Жұмыспен қамту орталығы Ассистентті өзектілігін жоғалтпаған бос орындар тізімімен, кәсіптік даярлау бағдарламасымен, сондай-ақ микрокредит беретін ұйымдардың тізбесімен және оны алу  шарттарымен қамтамасыз етеді.

 

 Ассистенттер ауыл әкімдерімен бірлесе отырып, тұрақты негізде азаматтарды «Өрлеу»  жобасы туралы ақпараттандыру жұмысын:

- үлестірме материалдарды тарату (плакаттар, буклеттер және парақшалар);

- мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысу;

- ауыл әкімдері ұйымдастырған ауылдық жиындарда  сөз сөйлеу;

- БАҚ-та сөз сөйлеу;

-  азаматтарды жеке қабылдау барысында;

- елді мекендердің тұрғындарын аралау арқылы жүргізеді.

         Отбасы «Өрлеу» жобасына қатысуға келісім берген жағдайда Ассистент өтініш берушіні (отбасыны) өтініш толтыру және құжаттар топтамасын қабылдау үшін ауылдық округ әкіміне  шақырады.

 

 Жұмыспен қамту орталығы ауыл әкімінен құжаттарды алғаннан кейін өтініш берушіні:

- қажетті көмек түрін анықтау;

- отбасына көмек көрсетудің жеке жоспары мен отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау;

- отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік келісімшартқа қол қою үшін шақырады.

         Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шешім шығарғаннан кейін Ассистент немесе ауылдық округ әкімі өтініш берушіні «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

         «Өрлеу»  жобасының тиімді іске асырылуы мақсатында Ассистент отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі аяқталғанға дейін жоба қатысушысына қолдау көрсетеді және отбасының белсенділігін арттырудағы әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуына мониторинг жүргізеді.

 

"Өрлеу" жобасы аясында органдарының іс-әрекеттері.

Ауылдық округ әкімінің іс-әрекеті :

               - халықты ақпараттандыру;

               - көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;

               - «Өрлеу» жобасына қатысуға құжаттар қабылдау;

               - отбасының материалдық жағдайын зерттеу;

               - жеке қосалқы шаруашылық туралы мәліметтер ұсыну.

 

Жұмыспен қамту орталығының іс-әрекеті:

- халықты ақпараттандыру;

- көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;

- «Өрлеу» жобасына қатысуға құжаттар қабылдау;

- жұмысқа орналастыру.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің іс-әрекеті:

- халықты ақпараттандыру;

- АӘК, МБК, ТК, ШАК, ЖАО шешімі бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;

- арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну.

         «Өрлеу»  жобасын іске асыру аясында жұмыспен қамту орталығы денсаулық сақтау, білім беру органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен (отбасылармен) жұмыс істеуге уәкілетті басқа да  ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?