Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің арасында XVII облыстық қысқы спартакиада өтті.

2017 жылғы 17 ақпанда Шемонаиха ауданы, Выдриха ауылы, «Уба» шипажайында КММ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің арасында Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылған  XVII облыстық қысқы спартакиада өтті.

Аранулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері спартакиадаға белсене қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында 17 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсетеді. Орталықтарда 2522 қызметкер 3159 қызмет алушыға  қызмет көрсетеді.

Спартакиада өткізу мақсаты әлеуметтік сала қызметкерлерінің арасында дене белсенділігін және спортты, қызметкерлерді спортқа тарту, өз денсаулығы үшін жауапкершілік қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Спартакиада 6 кезеңде өткізілді: 1 - «кедергілер жолағы», 2 - «Кенгуру», 3 - «Сороконожка», 4 - «Шабандоздар», 5 - «Пингвин», 6 - «Шаңгымен эстафета».

Бірінші орынға «Уба» шипажай қызметкерлері, екінші орынға Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, үшінші құрметті орынға Тарбағатай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ие болды.      

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?