2017 жылғы 24 ақпанда Семей қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы билік өкілдері мен оралмандардың кездесуі ұйымдастырылды

          2017 жылғы 24 ақпанда Семей қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы билік өкілдері мен оралмандардың  кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге Семей және Курчатов қалалары, Бесқарағай және Бородулиха аудандарында тұратын 30-ға жуық қандастарымыз жиналды. Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу, Қазақстан Республикасының азаматтығына құжат тапсыру, оралман мәртебесін алу және ұзарту, оралмандарға қарастырылған жол және көлік шығындарын өтеу тәртібі, жер телімдерін бөлу, жұмысқа орналасу және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.  Кездесу қорытындысы бойынша хаттама толтырылып,  отырыс барысында қойылған сауалдардың барлығына  жауап берілді. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының тарапынан кездесуге көші-қон бөлімінің бас маманы Дана Сайлаубековна Кабдуллина қатысты.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?