Аудандық «Өз мамандығының үздік жұмыскері» атты сайыс

     Катонқарағай ауданында «Еңбек күні» мерекесіне арналған жұмыс мамандықтарының рөлін арттыруда қыркүйектің соңғы айында  «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламасын асыру мақсатында өткізілді.

     Осы шараның шеңберінде 2016 жылы 21 қыркүйекте аграрлық-техникалық колледжде «Өз мамандығының үздік жұмыскері» атты сайыс ауданның ауылдық округтерінің қатысушылары арасында «Үздік газэлектрдәнекерлеуші», «Үздік аспаз», «Үздік тігінші» номинацияларда өткізілді.

     «Үздік газэлектрдәнекерлеуші» номинацияда 1-ші орынды Ақсу ауылынан Кокобаев Тлеужан Состаевич, 2-ші орынды Новополяковка ауылынан Мумуканов Канат Муктарканович, 3-ші орынды Өрел ауылынан Уалиханов Ербол жүлделі орындар алды.  «Үздік аспаз» номинацияда 1-ші орынды Үлкен Нарын ауылынан  Шефер Наталья Васильевна, 2-ші Ақсу ауылынан Серрікқалиева Анар Каныбековна, 3-ші орынды Белқарағай ауылынан Қаламбек Гульзайра жүлделі орындар алды. «Үздік тігінші» номинацияда 1-ші орынды  Солоновка ауылынан Степанова наталья Юрьевна, 2-ші орынды Ақсу ауылынан Дюзбаеа Гаухар Меркасовна, 3-ші орынды Алтынбель ауылынан Оразаева Қаулия Чагиевна жүлделі орындар алды.

     Аудан әкімі Нұрғожин А.А. грамота және бағалы сыйлықтармен конкурстың жеңімпаздарын марапаттады.

     Байқау ауданда жыл сайын жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында өткізіледі, сондай-ақ қатысушылар жастарға өзінің бай тәжірибесін, өз таңдаған мамандығына қабілеті және адалды болуды үйретеді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?