Аутист балалармен түзету жұмыстарының ерекшеліктері

     2016 жылдың 16 қарашасында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- де дефектологтар   А.З. Камашева мен Г.Л. Жаркимбаева «Эмоционалдық байланыс орнату кезеңінде сенсорлық түзету ойындары арқылы аутист балаларды тәрбиелеу»» тақырыбында семинар өткізді.

    Бүгінгі таңда балалар аутизм мәселесі мен түзету жұмыстарының жолын іздеу жоғары қызығушылықты туыдырып отыр. Сондықтанда, семинардың басты міндеті -аутист балалармен жұмыс жасайтын адамдардың осы мәселеге қызығушылықтарын ояту мақсатында нақты кеңестер мен ұсыныстар беру болды.

   А.З. Камашева семинардың  теориялық бөлігінде балалардың дамуындағы сенсорлық ойындардың маңыздылығына қысқаша жолу жасады. Практикалық бөлігінде құрылымсыз материалдармен (су, бояу, құммен) ойын өткізу тәсілдері мен әдістерін, пластикалық материалдармен ойын, дыбыстармен, жарық және көлеңкемен, ырғақпен ойын, негізгі сенсорлық эталон (түс, пішін, көлем) ойындарымен таныстырды.

    Г.Л. Жаркимбаева жарма және басқа да сусымалы материалдармен аутист балалардың сенсорлық дағдысын қалыптастыруды әр кезеңмен, осындай материалдарды пайдалана отырып сенсорлық қабылдауды бұзылған баламен тактильді, қозғалысты, көру, есту, эмоционалды әсерлі кешенді ойындар жүйесін көрсетті.

     Ырғақты қозғалыстарды қолдана отырып (алақанды алақанға соғу, аяқты тырсылдату, секіру т.б.) дефектологтар семинарға қатысушыларға соңында бірігіп ойнауды ұсынды. Ойын соңында Орталық мамандарына аутистермен сенсорлық ойындарды қолдану эмоционалдық көңіл- күймен қызу талқыланды.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?