Азаматтардың мәртебесін белгілеу сұрағына байланысты кеңес өтті

2017 жылдың 31 наурызында Семей қаласы әкімдігінің 403 кабинетінде қала әкімінің орынбасары Н.В. Шарованың төрағалығымен 2017 жылы 22 ақпандағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің тапсырмасы бойынша  Министрліктің алқа мәжілісі қатысушыларымен өткен секторлық кездесуде  азаматтардың мәртебесін белгілеу туралы берілген тапсырмасын орындау бойынша кеңес өтті.

Кеңеске «ШҚО Семей қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, «Білім бөлімі» ММ, «Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалы, Семей қаласы ІІБ көші-қон полициясы бөлімі, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласы бойынша бөлімі, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы Семей қалалық бөлімшесі, Семей қаласының әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының №1 бөлімшесі, «ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің өкілдері шақырылды.

Кіріспе сөзді әкімнің орынбасары Н.В. Шарова алды. Ол өз сөзінде қатысушы өкілдерге алдағы міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты, азаматтардың мәртебесін белгілеу бойынша берілген жұмыстарды жүргізу қажеттігі туралы түсініктер берді. 

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Б.Т. Мусин жиынға қатысушыларды Семей қаласы бойынша азаматтардың тізімдерімен таныстырып, алдағы уақыттағы жұмыстардың негізгі бағыты туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Кеңестің қорытындысында мәртебесін белгілеу қажет болатын Семей қаласы азаматтарының тізімдерін жасау үшін барлық қатысушыларға тапсырмалар берілді, сонымен қоса кеңес барысында қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктер берілді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?