Азаматтарды қабылдау

2016 жылғы 5 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Е.В. Старенкова, сонымен қатар еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департамент өкілдері М.В. Шаронова және Қ.М. Ибраева, «Нұр Отан»  ШҚОФП төрағасының орынбасары Ә.М. Муқтархановпен бірлесе халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді. Өткізілген шара облыстың бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы жарияланды.

Әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен кездесуге 11 адам келді, оның ішінде 4 адам жұмыспен қамту бойынша, 2 адам мүгедектердің мәселесі жөнінде, 1 адам материалдық көмек, 3 адам зейнетақы мәселелері және 1 адам денсаулық сақтау саласы бойынша мәселелер көтерді.

Барлық қойылған сауалдар бойынша толық және нақты жауаптар беріліп, мәселелерді шешу жолдары көрсетілді, сондай-ақ әрі қарай көмек көрсету үшін мәселелер бақылауға алынды.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?