Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

Азаматтық қызметші болып табылатын

және ауылдық жерде жұмыс істейтін

денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,

білім беру, мәдениет және спорт саласындағы

мамандар лауазымдарының тізбесін

айқындау туралы

 

РҚАО-ның ескертпесі.

Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы      23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) айқындалсын.

2. Осы қаулыға 6 қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі                                                                                               Д. Ахметов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Шығыс Қазақстан облысының

қоғамдық кеңесінің төрағасы                                                        В. Головатюк

2016 жылғы  «___» __________

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2016 жылғы

« ____ » _______________

№  _____  қаулысына

1-қосымша

 

 

Азаматтық қызметшілері болып  табылатын және ауылдық жерде

 жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

 

1. Басқарушы персонал: денсаулық сақтау саласындағыбасшысы мен басшысының орынбасары.

2. Клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері, дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі, бас бухгалтер, басшының әкімшілік-шаруашылық бөлік және мейіргер ісі жөніндегі орынбасары.

3. Негізгі персонал: мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер.

4. Әкімшілік персонал: шаруашылық бөлімшелерінің арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшылары (меңгерушілері), азаматтық қорғаныс штабының басшысы, мамандар: бухгалтер, программист (АТ-маманы, жүйелік әкімші), барлық мамандықтағы инженер, менеджер, экономист, заңгер консультант, инспектор, механик, аудармашы, статистик, технолог, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маман, кадрлар жөніндегі инспектор.

5. Қосалқы персонал: архивариус, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир,  көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелерінің, компьютерлік техника (бағдарламалар), компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі оператор, күзетші, мейіргердің көмекшісі, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, тіркеуші, кезекші әкімші, диспетчер.

 

 

 

  

Шығыс Қазақстан облысы       әкімдігінің 2016 жылғы

«___» _____________

     № ___ қаулысына

     2 қосымша

 

 

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет жәнеспорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

 

 

1. Басқарушы персонал: аудандық және қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер; психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер), үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары), облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас бухгалтері.

2. Негізгі персонал: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, психолог, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.

3. Әкімшілік персонал: бухгалтер, экономист, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы       әкімдігінің 2016 жылғы

«___» _____________

     № ___ қаулысына

     3 қосымша

 

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс

 iстейтiн білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

 

1. Облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы, облыстық маңызы бар құрылымдық бөлімше (әдістемелік кабинет) басшысы және орынбасары.

 

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушусы мен әдіскері, мектепке дейінгі,бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру мекемелерінің барлық мамандық мұғалімдері, дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопед мұғалім, АӘД ұйымдастырушы оқытушысы, орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының шебері, вожатый, тәрбиеші, нұсқаушы-әдіскер, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, хореограф.

 

3. Мемлекеттік мекемелерде және МҚК басшылары (меңгерушілері): кітапхана,лагер,интернат,шеберхана,оқу-әдістемелік шеберхана,кітапханашы, концертмейстер,көркемдік жетекші.

 

  

Шығыс Қазақстан облысы       әкімдігінің 2016 жылғы

«___» _____________

     № ___ қаулысына

     4 қосымша

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс

 iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

 

  1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы;

облыстық маңызы бар ММ және МҚК филиалының басшысы; облыстық маңызы бар ММ және МҚК бөлімінің басшысы; облыстық маңызы бар ММ және МҚК  сектор басшысы.

  1. Негізгі персонал: мамандар, соның ішінде: архивист,  қор сақтаушы,

экскурсовод, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер).

  1. Әкімшілік персонал: бухгалтер.
  2. Қосалқы персонал: оператор, мұражай қараушысы.  

 

 

  

Шығыс Қазақстан облысы       әкімдігінің 2016 жылғы

«___» _____________

     № ___ қаулысына

     5 қосымша

 

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының тізімі:

 

Негізгі персонал: Аға жаттықтырушы; спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы; спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы; спорт жаттықтырушысы;  дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы;  нұсқаушы-спортшы.

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы

«___» _____________

№ ___ қаулысына

6 қосымша

 

 

1.  «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау

туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы       № 421 қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477,  2008 жылғы 6 наурыздағы                              № 30 (15939) «Рудный Алтай», 2008 жылғы 6 наурыздағы № 3536 (18469) «Дидар» газеттерінде жарияланды) қаулысы.

2. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау

туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы   № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2543,  2011 жылғы 04 шілдедегі № 75 (19063) «Рудный Алтай», 2011жылғы 05 шілдедегі № 76 (16552) «Дидар» газеттерінде жарияланды) қаулысы.

3. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау

туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы № 285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2563,  2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 (19139) «Дидар», 2011жылғы 30 желтоқсандағы № 153 (16629) «Рудный Алтай»  газеттерінде жарияланды) қаулысы.

4. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау

туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі         № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2572,  2012 жылғы 26 сәуірдегі № 48 (19188) «Дидар», 2012 жылғы       27 сәуірдегі № 48 (16629) «Рудный Алтай»  газеттерінде жарияланды) қаулысы.

5. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау

туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі         № 152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2585,  2012 жылғы 21 шілдедегі  № 84 (19225) «Дидар»,      2012 жылғы 23 шілдедегі № 85 (16713) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) қаулысы.

6. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау

туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы       № 276  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3517,  2014 жылғы 25 қарашадағы  № 135 (19581) «Дидар», 2014 жылғы 21 қарашадағы № 136 (17071) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) қаулысы.

 

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?