Бала – ел болашағы!

«Бала - ел болашағы» демекші, Балаларды қорғау күніне арналған  мереке жүрегі жылы  иманжүзді адамдардың демеушілігімен  ай бойы жалғасуда. Соның бір куәсі,  28 маусым күні «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің  қызмет алушы 50 мүмкіндігі шектеулі балаларды,  қаламыздағы  Балалар саябағының басшысы жеке кәсіпкер Филиппов В.А. тәттілер мен сусындармен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көмек ретінде  әртүрлі  аттракциондарға 200 билет сыйға тарту етті. Сонымен қатар,  мультфильм кейіпкерлері балаларға көрініс көрсетіп ән мен биден шашу шашты. Балалар мен ата-аналар уақыттарын қуанышты да, қызықты өткізіп өз ризашылықтарын білдірді.