Бейбітшілікті сақтайық

    «Зейнеткерлерге әлеуметтік   қызмет көрсету аумақтық орталығы   КММ»-  күндізгі жартылай стационар бөлімінде  халықаралық фашистік концлагер  тұтқындарын азат ету күніне орай  «Бейбітшілікті сақтайық» атты  іс- шара өтті.

    Іс- шара  фашистік  концлагер тұтқындары жайында, олардың  басынан өткізген сұмдық ауыртпалықтары туралы еске түсіруден басталды. Фашистер тұтқындардарды айуандықпен азаптаған: әртүрлі сынақ – тәжірибеден өткізген, аштан қатырған, ауыр жұмыстарға салған,  тірідей отқа өртеген. Бірақ олар адамдық  қасиет пен ұлтжандылықты жоя алмаған. Мұса Жәлел сияқты  адамдар өздерінің өлеңдерімен оларды  тірі қалуға, өмірге қарай құлшынуға  демеу берген. Ол өлім жазасына кесіліп тұрса да, маобит  дәптерін жазған.

   Ардагерлер мұқият тыңдап, өз пікірлерін де қосты. Г.И. Богатырева  ажалға қарсы тұра білген тұтқында болған генерал  Карбышев туралы айтты.

   Әрі қарай іс- шара  орталықтың «Олар Отан үшін от кешті» стелласының жанындағы жиынмен жалғасты., Ю.И. Яквлева М.В. Девятерикова М.В., Тарасенко В.Г. «Варварство», «Прости  Родина», «Реквием» өлеңдерін оқыды. Бір минут үнсіздікпен  қаза тапқандарды еске алу мақсатында гүл шоқтары қойылды.

 Митинг «Бухенвальдский набат» әнімен аяқталды.