Биік, мықты, тезірек!

    2016 жылғы 27 тамызда Бородулиха ауданының Уба-Фрост ауылындағы орта мектептің спорт алаңында медициналық әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған спартакиада өтті.

      Жарысқа 8 адамнан тұратын 15 топ қатысты. Жарыс келесі спорт түрлері бойынша өтті: зілтемір көтеру, 500 және 1000 метрге жүгіру және 6 кезеңнен тұратын эстафета.

     Спартикаданың нәтижесі бойынша үздіктер болып Бауыржан Калымжанұлы Дүсіпов басқарған қарттар мен мүгедектеге арналған Самар үй-интернатының қызметкерлері танылды.

     Екінші орынды Бородулиха қарттар мен мүгедектеге арналған үй-интернатының өкілдері алса, үшінші орынды жарыс қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының «Уба» шипажайының қызметкерлері иеленді.

     Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?