Шемонаиха ауданында "Білім күні!" мерекесі

    2016 жылғы 1 қыркүйекте Шемонаиха ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың күндізгі келу орталығында білім күніне арналған ойын-сауық – танымдық іс-шаралар өткізілді.

   Балалар «Сөз құра», «Портфельді жина» тапсырмаларын орындауға, жұмбақтар шешуге, викторина сұрақтарына жауап беруге белсенді қатысты, мектеп туралы әндерді қуана-қуана тыңдады және әндердің аты туралы жауаптар берді. Балалар жаңа оқу жылына жаңаша күшпен кірісуге даяр, білімнің керемет әлемінен жаңа кездесулер күтуде.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?