Бизнесті қолдауды ұйымдастырудың сарапшылық кездесуі

Өскеменде бизнесті қолдауды ұйымдастырудың

сарапшылық кездесуі өтті

 

Консалтингтік ұйымдар, кәсіЭкспертная встречаподақтар, кәсіпкерлер қауымдастықтарының, ШҚО кәсіпкерлерді қолдау және дамыту  қорларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ, тәуелсіз кеңесшілер 2014 жылдың 3 сәуірінде бас қосып, біздің аймақтағы шағын және орта бизнеске көрсетілетін түрлі қызмет түрлерін ұсынудың өзекті мәселелерін, беталысын және даму болашағын талқылады.

Аталмыш кездесу «ЗУБР» консалтинг орталығының  бастамасы бойынша «Аймақтарды инвестициялау бәсекеге қабілетті мемлекет негізі ретінде» халықаралық жобасының аясында өткізілді.

Бұл кездесудің бірегейлігі сонда,  бір жағынанәлеуеттісеріктестер, екінші жағынан бәсекелестер бір-бірімен тек қана бетпе-бет кездесіп қоймай, сондай-ақ,бір-бірімен пікір алмасып, байланыс жасап, біздің аймақтағы нарықтың әлсіз тұстарын анықтап, болашақ серіктестік мәселелерін талқылады.

Алдағы уақытта осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, жаңалықтар, жетістіктерімен бөлісіп, кансалтинг саласындағы жаңа технологиялар бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп, біздің аймақтың кеңесшілерінің имиджін шағын және орта бизнес алдында да, жалпы кансалтингтік қауымдастық алдында көтеру туралы келісім жасалды.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?