Қайырымдылық акция

ҮНДЕУ

 

2014 жылдың 19 мамырынан жұртшылықтың, облыс және қала басшылығының қолдауымен «НКС» коммерциялық емес қоры Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Жүректің соғылуына көмектес» атты қайырымдылық акциясын жүргізеді.

 

·  Акцияның басты мақсаты облыстағы кардиологиялық аурулармен ауыратын балаларға белсенді көмек көрсету болып табылады – емдеуді немесе операцияны жүргізуге жәрдем жинау, баланың медициналық клиникаға баруына және кері қайтуына кезек күттірмейтін шығындар.

·  Кардиологиялық аурулармен ауыратын балаларға ұйымдастырылған және мерзімді көмек сияқты өткір проблемаға облыс халқының назарын аударту.

 

Кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың басшыларына, жеке кәсіпкерлерге, жеке  тұлғаларға серіктестер ретінде акцияны қолдауларын сұраймыз. Бірге біз күштіміз!

 

Акцияның шеңберінде келесі шараларды өткізу жоспарланады:

 

1. Облыстың кәсіпорындарына «Жүректің соғылуына көмектес» атты акцияға қатысуды қабылдау ұсынысымен хаттар таратылады. Акцияға қатысуға келіскен әрбір кәсіпорын балаларға көмек көрсетудің екі мүмкін нұсқасын таңдайды:

 

- 1 нұсқа: кез-келген датадағы бір күн қызметкерлер қалауларынша және еркін негізде еңбек ақысыз жұмыс істейді, және сол күні жиналған еңбек ақының қоры балаларға көмектесу үшін аударылады.

 

- 2 нұсқа: кәсіпорын ауру балаларға көмектесу қорына қаражат аударады, жәрдемнің сомасын кәсіпорын басшылығы анықтайды.
 

2. Қор облыс бойынша қайырымдылық билеттерін сатуды жүргізеді, бір билеттің құны 500 теңгені құрайды. Берілген билеттерді сатудан алынған қаражаттар (ережеге сәйкес) облыстың ауру балаларын емдеуге қабылдайтын медициналық мекемелерге аударылады.

 

3. Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы білім беру мектептерінің 3 тен 13 жасқа дейінгі балалар арасында «Жүректің соғылуына көмектес» тақырыбына ең жақсы сурет және ең жақсы тақпаққа шығармашылық конкурсты өткізу.

 

4. Республиканың және облыстың эстрада жұлдыздарының «Жүректің соғылуына көмектес» атты қайырымдылық гала-концерті Бүкіләлемдік бала күнінде 2014 жылдың 20 қарашасында өткізіледі. Бұл күні облыста танымал ұжымдар және шақырылған қонақтар өнер көрсетеді. (Өткізудің уақыты және орны акцияның ұйымдастырушылық комитетінде).

 

5. Акцияның барлық қатысушыларын қала және облыс әкімдігінің өкілдерімен құттықтаулары.

 

6. Қайырымдылық акцияның қорытындыларын өткізу жұмыс комиссиясының қатысуымен 2014 жылдың 28 қарашасында жүргізіледі.

 

7. Желтоқсанның бірінші күндерінде өкілдердің: акция уақытында көмек көрсетілген және осындай көмекті күтіп жүрген ауру балалардың; қатысушы кәсіпорындардың және акцияның серіктестерінің; ең жақсы сурет және ең жақсы тақпаққа шығармашылық конкурстың жүлдегерлерінің; балалармен қайырымдылық билеттерді сатудың қорытындыларының жүлдегерлерінің; құрметті қонақтардың қатысуымен қайырымдылық қабылдауын өткізу.

 

8 771 431 88 80 байланыс телефонына қоңырау шалыңыз және «Жүректің соғылуына көмектес» атты қайырымдылық акциясына қосылыңыз.

 

«НКС» коммерциялық емес қор 2012 жылдың 2 сәуірінде тіркелді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 581-1937-01-Ф-д. БСН 120440001244

 

Қор президенті -  Евгений Аркадьевич Галаган.

1964 жылдың 14 желтоқсанында дүниеге келді; білімі жоғары, филологиялық; үйленген, ұл баланы тәрбиелейді. 

 

«ЖҮРЕКТІҢ СОҒЫЛУЫНА КӨМЕКТЕС» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.1. «Жүректің соғылуына көмектес» атты қайырымдылық акциясын (келесіде – акция) бір реттік болып табылады және билеттерді ойнату оны өткізетін аймақтың территориясында жүргізіледі.

 

1.2. Акцияның құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы «НКС» қоры (келесіде Қор) болып табылады, Қазақстан Республикасының заңына сәйкестігі үшін, сонымен қатар акцияны өткізу бойынша қаржылық-шаруашылық әрекеттің нәтижелері үшін жауапкершілікке ие.

 

1.3. Акцияны өткізу үшін жұмыс комиссиясы құрылады. Келісімді негіздерде акцияны ұйымдастыру бойынша ағымдағы әрекетті Қор жүзеге асырады.

 

1.4. Акцияны өткізудің негізгі мақсаты аймақтың ауру балаларына адрестік көмек көрсету бойынша мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға бюджеттен тыс қаражаттарды тарту болып табылады.

 

2. Акцияны ұйымдастырудың және қайырымдылық билеттерді сатудың тәртібі

 

2.1. Қайырымдылық акциясы Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналады.

 

2.2. Акцияның билеттерінің жалпы саны 10 000 дана.

 

2.3. Бір бидеттің құны 500 (бес жүзі) теңгені құрайды.

 

2.4. Билеттерде  номері мен ұтыс ойнын күнін, билеттің бағасын, жүлделерді беру тәртібін енгізетін түсіндірме мәтіні бар ақпарат қамтылған.

 

2.5. Қайырымдылық билеттері сатуға біруақытта түседі және Қордың таратушыларымен, сонымен қатар серіктестердің көмегімен аймақта акцияны өткізу туралы ресми хабарландырғаннан кейін сатыла бастайды.

 

2.6. Билеттерді ұтыс ойнын жүргізудің алдында 7 (жеті) күн бұрын сатуға тыйым салынады, сатылмаған билеттер жұмыс алдындағы өңдеу: сатылмаған билеттердің кестесін құрастыру, жүлде қорының және естелік сыйлықтарының сомасын анықтау үшін жұмыс комиссиясына беріледі.

 

3. Жүлде қорының қалыптасуының тәртібі

 

3.1. Акцияның жүлде қорының көлемі ақша көрінісінде сатылған билеттердің көлемінен 20 % құрайды.

 

3.2. Акцияның жүлде қоры ұйымдастырушылармен естелік сыйлықтар мен билеттердің ұтыс ойындарының жүлдегерлері үшін қайырымдылық қабылдауды ұйымдастырудан басқа ешбір мақсаттарға пайдалануы мүмкін емес.

 

3.3. Барлық жүлде қорының ақша баламасы Қорға қызмет көрсететін банкте Қордың шотында жинақталады.

 

3.4. Қорға жүлде қорына тиіспеушілік және оны белгіленуі бойынша пайдалану үшін жауапкершілік артылады.

 

3.5. Акцияның жүлде қоры билеттердің ұтыс ойнын жүргізудің алдында 3 (үш) күн бұрын мәлімделген формада қалыптастырылады.

 

3.6. Ұтыс ойнын жүргізуден кейін жүлде қорын қалыптастыруға тыйым салынады.

 

3.7. Жұмыс комиссиясының жүлде қорының толық көлемдегі құрамы туралы хабарлауының алдында билеттердің ұтыс ойнын жүргізуге тыйым салынады.

 

4. Қайырымдылық билеттерді жасау тәртібі

 

4.1. Қайырымдылық билеттер типографиялық әдіспен дайындалады және қорғаудың 3 (үштен) кем емес қорғау дәрежесіне ие. Қайырымдылық билеттерді жасау Қордың тапсырысы бойынша, Қор мен типография арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Баспаны төлеу қайырымдылық билеттерді сатудан түскен және банктегі Қордың жинақталатын қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.

 

4.2. Типография және акцияны ұйымдастырушының арасындағы шартқа сәйкес қолдан жасаудан қорғау дәрежелерімен қайырымдылық билеттерін дайындау үшін, сонымен қатар жасау уақытында ұрлаудан қорғау үшін жауапкершілік дайындаушы-типографияға жүктеледі.

 

5. Сатуға шығарылатын, сатылған және сатылмаған билеттерді есептеудің тәртібі

 

5.1. Сатуға шығарылатын, сатылған және сатылмаған билеттерді есептеуді жұмыс комиссиясы жүзеге асырады.

 

6. Қайырымдылық билеттерді тарату

 

6.1. Қайырымдылық билеттерді таратуды қолхатпен ведомость бойынша акцияны ұйымдастырушылардан билеттерді алатын таратушылар жүзеге асырады.

 

6.2. Билеттерді сатудан түскен ақшаны таратушылар билеттер бойынша қаржылық-шаруашылық есептемелерді жүргізетін Қорға ведомость бойынша тапсырады.

 

7. Ресми құжаттың формасы және қайырымдылық билеттерді таратушының өкілеттіліктері

 

7.1. Қайырымдылық билеттерді таратушының ресми құжаты Қордың мөрімен бекітілген Қор беретін сенімхат болып табылады.

 

8. Жедел ақпарат

 

8.1. Қайырымдылық билеттерді сату барысы туралы жедел ақпарат жұмыс комиссиясында сақталады.

 

9. Сатылмаған қайырымдылық билеттерді жою тәртібі

 

9.1. Сатылмаған билеттер сатылмаған билеттердің кестесін құрастырғаннан кейін жұмыс комиссиясының актісі бойынша жойылады.

 

10. Ұтыс ойнын өткізудің тәртібі

 

10.1.Қайырымдылық билеттердің ұтыс ойны жұмыс комиссиясының мүшелерінің қатысуымен 2014 жылдың 31 қазанында өтеді.

 

10.2. Ұтып алған билеттердің номерлерін анықтау үшін лототрондардың жүйесі қолданылады.

 

10.3. Бекітілген тізім бойынша кезекті ұтысты ойнату сатылмаған билеттердің кестесінде жоқ билет түспегенше жалғасады.

 

10.4. Ұтыс ойны ұтып алған билеттердің номерлерінің кестесі мен хаттамасын құрастырудан кейін аяқталады, оған жұмыс комиссиясының мүшелері қол қояды.

 

10.5. Нәтижелер «TrusTKZ» Республикалық ақпараттық-анықтамалық журналында жарияланады.

 

1. Акцияның жүлделері айдың ішінде ұйымдастырушылық комитеттің орналасқан жерінің мекен-жайы бойынша ұтыс ойнының нәтижелерін жариялау күніне бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен кейін беріледі.

 

2. Акцияның қатысушылары қатысудың негізгі ережелері мен ұтыс ойнының нәтижелері туралы ұйымдастырушымен бұқаралық ақпараттың облыстың құралдары, сайттар және қайырымдылық билеттің артқы жағындағы ақпарат арқылы ақпараттандырылады.

 

3. Акцияны өткізуге ұйымдастырушылық шығындар сатылған билеттердің сомасынан 20%  аспау керек.

 

4. Жүлде қоры мен акцияның өткізуді ұйымдастыруға кеткен шығындарды шегерумен Қордың есептік шотындағы қаражаттардың қалдығы (бірақ сатылған билеттердің сомасынан 50% кем емес) бұл тізімнен 60% мөлшерінде акцияда мәлімделген мақсаттарға сәйкес нақты медициналық мекемелерге және отбасыларға жіберіледі, ал қалдықтың 40% Қордың дамуына қалады.

 

5. Акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық даулы сұрақтар жұмыс комиссиясының отырыстарында немесе әрекеттегі заңмен қарастырылған басқа тәртіпте талқыланады.

 

Акция және қор туралы толық ақпарат: http://www.kz2014nks.asn.kz/new_page.html

                                                           

 http://oskemen.vko.gov.kz/ru/news.htm?id=003782

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?