БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

 

Бесқарағай ауданында аудан басшылығының бастамасымен 2014 жылғы 23 тамызда аудан орталығының алаңында ерекше оқиға - «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бизнесті дамытуға шағын несие алған жергілікті кәсіпкерлер тауарларының жәрмеңкесі өтті.

Орта және шағын бизнес – аудан экономикасының маңызды құрылымы. Аталған бағдарлама бойынша 211 адам шағын несие алды: ірі қара мал өсіруге, шаштараз және тігін цехын ашуға, тротуар тақталарын шығаратын цехтар ашуға, шағын наубайханалар ашуға, ара шаруашылығын дамыту және бал өндіруге, жеміс-жидек өсіруге және басқалар.

Жәрмеңке қатысушыларына қой еті, сиыр еті, сүт өнімдері, қымыз, бақша өнімдері, жеміс-жидектердің түр-түрі ұсынылды. Жергілікті тауар өнімдерінің ішінде ұлттық киімдер мен жүннен жасалған кәдесыйлар да болды.

Жәрмеңке жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін сатуға қолайлы жағдай жасау және тұрғындарды қол жетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. 

Тауар бағалары нарық бағасынан 10-15 % арзан болып бекітілді. Жәрмеңкеге ауданның барлық ауыл округтері, 30-дан аса кәсіпкерлер қатысты.

Бұл күні жеке ісін аша білген  жігерлі, белсенді және бастамашыл адамдарға құрмет көрсетілді. Жәрмеңкеге қатысқандар аудан әкімінің құрмет грамоталарымен және «Ет өндіру бойынша үздік жеке кәсіпкер», «Үздік сауда нүктесі», «Жәрмеңкенің танымал тауары», «2014 жылдың үздік фермері», «Үздік жеміс өсіруші», «Жәрмеңкенің жас қатысушысы» номинациялары бойынша естелік ленталармен марапатталды.

 Сондай-ақ ұйымдастырушылар мүгедек балаларға арнаулы сыйлықтар тарату, аз қамтылған отбасыларына және мүгедек отбасыларына арнап қайырымдылық азық-түлік столын  ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясына жәрмеңкенің барлық кәсіпкерлері қатысты. «Жұмыспен қамту картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушылар оқушы балаларды құттықтап, оларға сыйлықтар тапсырды.

Осындай жәрмеңкелерді өзінің жеке ісін ашқысы келетін, бірақ шешім қабылдай алмай жүрген адамдарға үлгі ретінде және ынталандыру мақсатында  облыстың барлық аудандарында ұйымдастырып, өткізу қажет.

Өткізілген іс-шара аудан экономикасының дамуына, қоғамдағы әлеуметтік және саяси тұрақтылығына, және халықтың жұмыспен қамтылуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жастарды ауылда тұрақтандыруға  мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?