Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

 

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ,  2017 жылдың 14 маусымында 10.00 сағ. «Семей қаласының қалалық мәдениет сарайы» КМҚК ғимаратында, қала халықы және жұмыс берушілердің қатысуымен, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Мәдениет сарайының ғимараты стендтермен және көрнекі материалдармен безендірілді. Қатысушыларға 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бейне роликтер көрсетілді.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде қаладағы жұмыс берушілер әр түрлі салаларының қызметтерін іске асырумен 300 ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды. 28 жұмыс берушілер қатысты, оларды қатарында («Цемент зауыты»,  «САЦӨ», «Казполиграф»,  «ПОСЖБ», «Казэлектромонтаж»,  «Аманат газ», «№ 1 Семей ағаш өңдеу зауыты», «Сәт Транс», «Барақат Кұрылыс», «Окна комфорта», «Бант», «Семей ет-комбинаты», «Ертіс бройлер фабрикасы», «Шығыс Ажар торг», «Ақшын» ЖШС,  «Құрылыс», «Электротехникалық», «Технологиялық» ҚМҚК, «Васкания», «Оразаева Р.О.» ЖК және «Мұздыбай 1» ШҚ  және басқалар).

Қатысушылар саны  200  адамнан астам болды. Олардың жастар – 100 адамтен астам, 50 жастан асқандар  саны 75 адам, әйелдер – 100 адамнан асты,қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрғандар 2 адам және ауыл тұрғындары 3 адамды құрады.

Тұрақты жұмыс орындарына 53  адамға жолдама берілді,  кәсіптік оқытуға – 30  адамға,  әлеуметтік жұмыс орындарына  7, жастар тәжірибесіне 11 адамға және ақылы қоғамдық жұмыстарға 24 адамға кеңес берілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қатысушылары мамандардың еңбек нарығындағы жағдайы, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік көмек беру, мемлекеттік балалар және тұрғын үй жәрдемақылары мәселелер бойынша, «Өрлеу» жобасы қатысу, шағын несиелендіру туралы кеңестерін алу мүмкіндік алды.

Іздеушілерге мамандар  Семей қаласы бойынша бос жұмыс орындарының банкмен, жұмыс берушілермен тікелей таныстырды.

Әр бір қатысушыларға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша және Аймақтарды дамыту Бағдарламаларының мемлекеттік қолдау шаралары туралы буклеттер және жарнамалық парақтар таратылды.  

Сіз кім болып жумыс істейсіз?