Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» Мемлекеттік мекемесі  070002, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, анықтама телефондары/факс: 8(7232)75-32-22, 75-40-43, oblzan@socialvko.gov.kz электрондық мекенжай, «Б» корпусына бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңын, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңын дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, шартты ақшалай көмек, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, тұрғын үй көмегін көрсету, оны тағайындау мәселелері бойынша өңірлік бөлімдерге әдістемелік көмек көрсету. Біржолғы ақшалай өтемақыны төлеу және тағайындау жөнінде кеңес беру. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларынасәйкес мейрамдарға әлеуметтік көмек мөлшері келісімін қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әлеуметтік карталар, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мониторингі. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, АИС бағдарламасын мониторингілеу. Әлеуметтік көмек: «АӘК, МБК, ТҮК» және «Е-собес» есептерді жоғары органдарға уақтылы және сапалы ұсынуды бақылау. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес саласындағы мамандықтар (қаржылық, есеп және аудит, экономикалық, статистика, менеджмент), немесе гуманитарлық саласындағы мамандықтар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), немесе қызмет көрсету саласындағы мамандықтар (әлеуметтік жұмыс), немесе құқық саласы.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2. Әкімшілік бөлімінің бас маманы: D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен.

Функционалдық міндеттері: Басқармада және ведомствоға бағынысты мекемелерде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Норма шығарамашылық, наразылық-талап жұмыстары. Нормативтік-құқықтық актілерінің мониторингілеуді, кеңес жұмысын,  заңгерлік дерекқорында жұмыс жүргізеді. Қызметшілерге тәртіптік жаза қолдануы, жұмыстан босатуды, аумастыруды заңдылығын тексеру. «Заңгерлік тиімділігін қаматамасыз ету» бағыты бойынша іс-әрекеттену тиімділігін бағалау жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету. «Нормативтік құқықтық актілерін келісімі» мемлекеттік органдары ақпараттық порталында жұмыс істеу. Сотта және өзге де органдарда басқарманың құқықтық мәселелер бойынша мүддесін ұсынады. Заңнама талаптарына сәйкес бұйрықтардың, нұсқаулардың, қаулыларын және басқа құқықтық құжаттамалардың жобасын тексеруін жүргізеді. Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің қаулыларын әзірлеу. Құқықтық сипаттағы ішкі және өзге де құжаттарды заңнама талаптарына сәйкестікке тексеру. Консультациялық жұмыс жүргізу. Жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізу. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары: құқық саласы.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына» қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не oblzan@socialvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi немесе көшірмелер түпнұсқалармен салыстыру үшін;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін;

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе көшірмесі түпнұсқамен салыстыру үшін.

 

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өтеді.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.

Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар, біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 209 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссия шешімін қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

            Анықтама телефоны: 8 (7232)75-32-22, s.abakova@akimvko.gov.kz

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?