Дөңгелек үстел

2017 жылдың  31 наурызында Абай атындағы кітапхананың дөңгелек залында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау айлығы шеңберінде Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау қүніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел  «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, қалалық мәслихат депутаттарының, қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың және БАҚ-тың қатысуымен өтті.

Сондай-ақ, мүгедектер қоғамының басшылары, саңыраулар, соқырлар қоғамдарының, қаланың есту және көру қабілеті нашар балалар мектеп-интернаттарының басшылары және инклюзивті оқыту сыныптары ашылған оқу орындарының басшылары шақырылды.

Іс-шарада  мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға жәрдемдесу мәселесі қарастырылды.

Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Құрманғалиев  өз сөзінде мемлекетіміздің әрі қарай дамуының маңызды бағыттарының бірі, мүмкіндігі шектеулі жандарға толық мағынада «кедергісіз» орта құру болып табылатынын атап өтті.

Кітапхананың бірінші қабатында қаланың әлеуметтік мекемелерімен көрме   ұйымдастырылып онда  мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен жасалған бұйымдар көрсетілді.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?