Еңсебаевтардың еңбек әулеті, Аягөз ауданы

Еңсебаевтардың еңбек әулеті өзінің еңбек жолын Аягөз аудандық депода 1932 жылы бастаған. Әулет мүшелерінің жалпы еңбек өтілі – 482 жыл.

Әулеттің отағасы Еңсебаев Көкенай 1926 жылы туған, Аягөз станциясының вагон-жөндеу депосында ағаш өңдеу цехының бригадирі болып жұмыс атқарды, оның еңбек өтілі 49 жыл. 6 баланы тәрбиелеген әке, барлығы темір жолда қызмет атқаруда. «За доблестный труд» медалі, «Жол бөлімшесінің Құрмет грамотасы», «Құрметті теміржолшы» грамотасымен марапатталған.

Темір жолдағы қызметте 49 жыл мүлтіксіз жұмыс атқарған, еңбегі сіңірген

Үкіметтік марапаттары, әріптестерінің үлгі тұтуы мен сыйластығы, ең басатысы –еңбек жолын жалғастырған балалары мен немерелер Еңсебаев Көкенайдыңүлгітұтарлық тағдыры.

Ұлы Мейраш, еңбек өтілі 42 жыл, Аягөз вагон депосында 5-ші разрядтағы механика цехтің токарі, түрлі марапаттармен және төс белгілерімен марапатталған.

Ұлы Сайраш, еңбек өтілі 41 жыл, Аягөз вагон депосында ағаш өңдеу цехының бригадирі, түрлі марапаттармен марапатталған.

Қызы Роза – автобақылау пунктінің шебері, еңбек өтілі 39 жыл, төс белгісімен марапатталған.

Қызы Меруерт - Аягөз вагон депосында оператор, еңбек өтілі 36 жыл, Қазақстан Республикасы Президентінің грамотасымен марапатталған.

Ұлы Жұмаш Екібастұз станциясы байланыс және теміржолдың сигнал беру жүйесі дистанциясының аға электромеханигі болып жұмыс істейді, еңбек өтілі 36 жыл.

Еңсебаевтар отбасының 7 немересі теміржол жөндеушілері.

2017 жылғы 10 қазаннан 18 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында конкурс қатысушыларына онлайн дауыс беру басталды.

Дауыс беріп біздің женімпаздарды қолдайық!

Дауыс беру сілтемесі: http://www.enbek.gov.kz/kk/node/346425



Сіз кім болып жумыс істейсіз?