Егде жастағы ермек

«Зырян ауданы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ жұмысының жаңа бағыттарының бірі болып егде жастағы кісілерге ермек болатын істі табуға және оны жүзеге асыруға көмектесу табылады.

Құштарлық жасқа қарамайды. Егде жаста да сүйіп істейтін іс табуып, өз өміріңнің мәнін түсініп, оны шаттыққа толтыруға болады. Қызықты іске құштарлық қарт адамдарға уақытын табысты өткізуге, жағымсыз нәрселерді ойламауға, сана мен денсаулықты сақтауға көмектеседі. Сүйікті іспен айналасу өмірдің жаңа шарттарына бейімделуге, қарттардың психологиялық оңалуы тәсіліне айналады. 

Қазіргі уақытта үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қызмет алушыларының орта жасы 80-нен асқандығына және олардың көбінің қимылдау қабілеті төмен болуына қарамастан, олардың ішіндегі 37 % тұрақты түрлі әуес ісі бар. Ең жиі кездесетін ермектері – оқу, кроссвордтарды шешу, гүл өсіру. 

Т.И. Русакова мен А.А. Бородулина үй гүлдерін өсірумен айналасады. Оларға гүлді баптап, өсіру ұнайды, әдемілік сезімін сыйлайды. Сүйікті гүлдері гүлдеген кезде зейнеткерлердің жүректері қуаныш пен шаттыққа толады. Олар бір сәтке жалғыздық, сырқат туралы ұмытады.   

Біздің клиенттердің арасында шығармашыл адамдар да, өмірдің жаңалықтарынан қалмай денсаулығына көп көңіл бөлетін адамдар да бар. Р.А. Омельяненко мен Т.Ф. Королёва өлең жазады, Н.И. Прокопьев баян шертеді, ән шырқап, частушка шығарады. Әлеуметтік жұмыскерлердің көмегімен И.В. Плетнев пен В.С. Плетнева ерлі-зайыптылар компьютер мен Интернетті игеруде. Н.Я. Федорова түрлі сауықтыру тәсілдерін қолданады, А.Т. Яровая скандинавия жүрісін игеріп жүр.

Әлеуметтік жұмыскерлер өз клиенттеріне, олардың әуестенген істеріне әр-аулан көмек көрсетеді: үй өсімдіктерінің тұқымдарын, оларды күтуге қажет болатын заттарды, кітап, журнал, газеттерді сатып алып, қызмет алушылардың үйлеріне жеткізеді, әуестенген іс тақырыбы бойынша  әңгімелеседі, сабақ өткізеді. Қарттарға, олардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне қарай өз ермектерін табуға көмек көрсетіледі, бұл әркімнің өз сүйікті ісін табуы үшін жасалады.  

Біздің клиенттердің пікірінше, ермектің болуы ағза мен миды босатып, жағымды эмоция мен өмір сүруге құштарлық сыйлайды. 

Жұмыстағы аталмыш жаңа бағыт психологиялық жағдайдың жақсаруына, өмір деңгейінің артуына және егде жастағы жалғызбасты кісілердің өзін өзі жоғары сезінуіне көмектеседі. 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?