ЭКСПО-2017 - «Болашақ қуаты» халықаралық көрмесі туралы пікір

ЭКСПО-2017 - «Болашақ қуаты» халықаралық көрмесі туралы пікір

«Зырян ауданы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ мүгедек балалар мен 18 жастан жоғары психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге үйде күтім жасау  бөлімшесініңәлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметкері И.Н. Паршукова Серебрянск қаласынан туристер тобы құрамында,  баласымен  бірге Астана қаласындағы «EXPO-2017» көрмесінде болып қайтты. Өзінің көрмеден алған  әсерімен бөлісті: «Біздің экскурсия Қазақстан павильоннан басталды. Көрме Астана қаласының болашағына арналған энергетиканың түрлі бағыттары бойынша-ғарыш, күн және жел, биомасса, су және кинетикалық энергия саласымен таныстық. Көрме өте ұнады. Қазақстан  ұздік  ұйымдастыру мүмкіндіктерін көрсете алды. Балам әр түрлі эксперименттерге қатысты, «EXPOKIDS» балалар паркі- келушілерді  әр түрлі сыйлықтармен, тосын сыйлармен қуантты. Жерлестерімді көрмеге барып, Астана қаласын тамашалап қайтуға шақырамын».