Құрметті сайт пайдаланушылары!

 Құрметті сайт пайдаланушылары!

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының атынан сіздерді жаңа 2019 жылмен құттықтаймын!

2018 жыл тарихқа кетіп барады.

Осы жылы біз жұмыссыздық деңгейін 4,8% сақтап қалдық, 63956 адамды жұмыспен қамту, қысқа мерзімді курстарда 2784 адамды оқыту және оның ішінде 1684-ін (70%) жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына 1279 адамды және жастар тәжірибесіне 1638 жас мамандарды жіберу, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 8203 адамды тарту, облыста 284 оралман отбасын қабылдау және республиканың оңтүстік өңірлерінен 318 отбасын көшіру қолдан келді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, шартты ақшалай көмекпен 26431 адамды және шартсыз ақшалай көмекпен 5367 адамды қамтыдық.

Мүмкіндігі шектеулі 3770 адамды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз еттік, 4841 мүгедек техникалық көмекші орнын толтырушы құралдар алды, 722 адам санаторлық-курорттық емделумен қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі 1454 адамды және бас бостандығынан айыру орындарынан оралған 212 азаматты жұмысқа орналастырдық.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 2797 азаматтарға көмек көрсетілді, оның ішінде 304-і 18 жасқа дейінгі балалар және 2493-і ересектер.

"Уба" санаторийінде 5750 аға буын өкілдері денсаулықтарын жақсартып,          472 мүгедек "Грехово" орталығында оңалтудан өтті.

20 үкіметтік емес ұйымдар - біздің серіктестеріміз 1653 адамды арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтыды, 11 адам саудасының құрбаны және                    53 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны заңгерлік, медициналық, психологиялық және материалдық көмек алды.

Біз облыстың әлеуметтік қорғау жүйесіне мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу бойынша жұмысты бастадық.

129 мың азаматқа олардың мәртебелерін өзектендіруге көмек көрсеттік.

Көріп отырғандарыңыздай, жүргізілген жұмыстар көп. Бірақ әлі де көп істеу керек.

ШҚО әлеуметтік қорғау жүйесі командасының барлық әріптестеріме, басқа да басқармалардағы әріптестірімізге және олардың азаматтық секторының серіктестеріне, республикалық және облыстық БАҚ журналисттеріне біздің азаматтарымыздың игілігі үшін бірлескен еңбетері үшін алғысымды білдіремін.

2019 жыл бұдан да жемісті болсын, бізге жаңа қызықты жобалар мен сенімді серіктестер әкелсін.

Республикамызға бейбітшілік пен гүлдену, әрбір отбасына денсаулық пен бақыт тілеймін.

Жаңа жылдарыңызбен!

 

 

Құрметпен,

ШҚО жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламаларды

үйлестіру басқармасының басшысы                                                Е. Старенкова



Сіз кім болып жумыс істейсіз?