Гүлдер сайысы

Гүлдер сайысы

 

  Конкурс цветов

 

      Көктемнің көңілді күндерінің бірінде Аягөз балалардың психоневрологиялық медициналық - әлеуметтік мекемесінде қызметкерлердің қатысуымен гүлдер сайысы болып өтті. Сайысқа мекеме қызметкерлерінен 40 адам қатысты. Өз қолдарымен өсірілген бөлме гүлдерінің түр- түрін әкеліп,олардың пайдасы мен шығу тарихын көпшілікке ұсынды. «Әсемдік дүниені құтқарады» десек, артық айтқандық емес. Гүлдердің барлық түрлері: цикломен, гардения жасминовая, аихризон, женское счастье- әйел бақыты, кактус оберег, бархат гүлі, лютик, азалия, золотой ус, гусмания, бегония, бөлме бамбуктері, лимон т.б көптеген бөлме гүлдерімен таныстық. Әртүрлі гүлдермен мекеменің іші жарықтанып, екі есе жарқырағандай болды. Сайысқа қатысқан қызметкерлерге кәсіподақ комитеті атынан ақшалай сыйлықтар берілді. Жеңімпаздар «Ең ерекше - экзотикалық гүл», «Ең пайдалы гүл», «Ең әдемі гүл» деген номинациялар бойынша анықталып, жүлделі орындар берілді. Бірінші орынды 3 топ тәрбиешілері жеңіп алса, екінші орынды мекеме директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Ж.Е.Мұстафаева, ал үшінші орынды ақ халатты абзал жандар – аяжандар мен 2 топтың бала күтушілері, «Көрермендер көзайымы» сыйлығын тәрбиеші Джунусова Гүлзат жеңіп алды. Сайысқа қатысқан әрбір қызметкер көтеріңкі көңіл- күймен ерекше әсер алып қайтты.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?