Біздің заманның батыры

 

Біздің заманның батыры

 

Адамға армандау тән. Бірақ кейбір армандар сол күйінде орындалмастан қалып қояды. Аягөз қаласының тұрғыны Арнұр Әлімханов көзі көрмейді десе де болады, 1 топ мүгедегі. Өзі музыкамен, ән салумен әуестенеді.

Өткен жылы жоба барысында «ЗУБР» ӘКҚ мамандары оның арманы туралы естіп-білген. Арнұр толыққанды өмір сүріп, қаражат табу үшін сылап-сипаушының мамандығын игеруді қалайды екен. Бірақ оның тек 9 сыныптық білімі бар, ал кез-келген техникалық немесе кәсіби, жоғары білім алу үшін 11-жылдық орта білімің болуы керек.

 Біз Арнұрға көмектесуге ниет білдіріп, құжаттарын жинастыруын сұрағанбыз. Аягөздегі біздің серіктестер құжаттарды  аудандық білім бөліміне жедел өткізуге көмектесті. Жоба мамандары Арнұрға емтихандарға дайындалып, тапсыра алатындығына сендіріп бақты.

 Аягөздегі жоба үйлестірушісі Р.Керімова былай дейді: «Арнұрдың көзі мүлде көрмесе де, жасы  20-дан асып  кетсе де, біз оның орта білім туралы аттестатқа қол жеткізе алатындығына сендіруге тырыстық. Жыл бойы өз бетінше білім алуға көмектестік. Орыс тілі, Қазақстан тарихы, географиядан репетитор көмегін  ұйымдастырдық. Нәтижесінде – Арнұр (1-топ мүгедегі) Республикалық медициналық колледжге грантқа оқуға түсті!

 Арнұрдың анасы да өзі де алғыстарын жаудыруда. Олар бозбаланың өз күшіне сеніп, жаңаша өмір бастағанына қуанышты. Бұған дейін Арнұр қала шетінде тұратын. Колонкаға дейін 4 көше, автобус аялдамасына 2 шақырым, көктем-күзде қарт анасы екеуі сыртқа шығуы мұң болатын. Әкімдікке бірнеше рет айтсақ та, жағдайлары өзгермеген еді. Енді, дәл ертегідегідей болды, оның әлеуметтік жағдайы 100 пайызға жақсарып отыр. Ол енді Алматыда тұрады. Әрі қарайғы өмірі тек өзіне ғана байланысты. Қаржылық жағдайы да түзеліп келеді. Жобаға қатысқанға дейін ол 32 мың теңгені құрайтын мүгедектігі үшін жәрдемақыға күнелтетін. Енді оған 28 мың теңге стипендиясы қосылды.

   Өзі болса, оқуға түскеніне аса қуанышты.

-          Бақыттан басым айналып жүр! Өмірімнің жаңа, жақсы  кезеңі басталды. Кез-келген жаста, кез-келген жағдайда жағдайыңды түзеуге болатынына сендім. Тек алға мақсат қойып, соған жетуге тырысу керек екен. Оған қоса жаныңа жақсы адамдарды жинай білу керек екен, негізі жақсы адамдар өмірде көп қой, - дейді ол толқып.

 Бұл, әрине, жақсылықпен аяқталған жалғыз оқиға емес. Біздің арамызды мұндай мысалдар көптеп кездеседі. «ЗУБР» ӘКҚ жобасына қатысушылар өз армандарының орындалуына сәл де болса жақындай түсті деп сенгіміз келеді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?