«Алтын күз» әлеуметтік жобасын өткізу жөніндегі ақпарат

2017 жылдың 18 қазанында «Первомай арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ «Алтын күз» атты әлеуметтік жобаны таныстыру рәсімі өтті. Жоба халықты әлеуметтік қорғау саласындағы концепцияны жетілдіру негізінде енгізілді. Аталған шараға ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Е. Старенкова және облыстық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорлары қатысты.

Аталған «Алтын күз» әлеуметтік жобаны әріптестер алдында «Первомай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры С. Дюсюпов ұсынды. Жобаның жетекшісі үш ай бойы қызмет алушылармен жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жүргізілген жұмыстар жайында атап өтті.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?