Қоғамдық көлік туралы ақпарат

              2019 жылғы 15 қаңтарда ведомствоаралық жұмыс тобы халықтың әлжуаз топтары үшін қол жетімділіктің базалық талаптарын сақтауға арналған қоғамдық көліктің мониторингін ұйымдастырды. Топ құрамында мемлекеттік органдардың (соның ішінде ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының), "Нұр Отан" партиясының ШҚ ОФ, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің өкілдері қатысты.

              Мониторинг барысында Өскемен қаласының қоғамдық көлігі халықтың аз қозғалатын топтарына бейімделмеген: автобустар мен маршруттар төмен кіреберіспен жабдықталмаған, кресло-арбамен қозғалатын азаматтар үшін орын жоқ, сондай-ақ көру бойынша мүгедектерге арналған автобустың нөмірі мен бағытын түсті және тактильдік белгілеулері жоқ екендгі анықталды.

              Сонымен қатар, мүгедектерге арналған арнайы жабдықталған, электр көтергішімен жабдықталған инватакси көрсетілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?