Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында тікелей эфир кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысына Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы сұрақтар қойылды. Мәселенің өзектілігіне байланысты осы тақырыпқа ақпарат жариялаймыз.

40 жыл бойы Семей ядролық сынақ полигонында адамдардың денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға зиян келтірген ядролық қару сынақтары жүргізілді.

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұзақ уақыт ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау iсiн қамтамасыз етуге арналған.

Ядролық полигон аймақтарында тұрған және тұрып жатқан азаматтарды әлеуметтік қолдау нысандарының бірі болып ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы ақшалай өтемақы болып табылады. Өтемақының мөлшері тұру аймағы мен кезеңге және біржолғы ақшалай өтемақы берілген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткішке байланысты.

Төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақыға аймақтар бойынша мынандай мөлшерде үстемақы алуға құқығы бар:

төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 2,09 айлық есептік көрсеткіш;

ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 1,83 айлық есептік көрсеткіш.

Семей полигоны әсер ететін аймақтарда тұратын азаматтар тұру аймағына байланысты қосымша еңбекақы және жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға құқығы бар.

Мына аймақтар бойынша төмендегiдей қосымша еңбекақы алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 2 айлық есептік көрсеткіш;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,75 айлық есептік көрсеткіш;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,5 айлық есептік көрсеткіш;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,25 айлық есептік көрсеткіш;

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша - 1 айлық есептік көрсеткіш алуға құқылы.

Мына аймақтар бойынша төмендегiдей жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 14 календарьлық күнi бар;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 12 календарьлық күнi бар;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 10 календарьлық күнi бар;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 7 календарьлық күнi бар;

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша 5 календарьлық күнi бар демалыс алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктерге Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер ретінде тіркелген адамдар және ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендердің куәлігі бар адамдардың құқығы бар.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;

2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?