«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіңде берілген мәселелі несиелерді қайтару мәселесі бойынша ақпарат.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіңде берілген мәселелі несиелерді қайтару мәселесі бойынша ақпарат.

 

2011 жылдан 2015 жылға дейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіңде халықтың осал топтары: жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін шағын несиелендіру қарастырылған болатын.

«Ертіс» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ шағын несиелендіру бойынша құзіретті өңірлік ұйым болып айқындалды.

Кепілі жоқ соңғы қарыз алушылар үшін, шағын несиелер несиелік серіктестіктер арқылы берілді.

Несиелік серіктестіктердің мүшелеріне қарыз қаражаты бірлескен жауапкершілікке кепілдік беру арқылы берілді. Несиелік серіктестіктің әр мүшесі алған қарыз қаражатын өзі қайтаруы керек, бірақ несиелік серіктестіктің бір мүшесі өз қарызын өтемеген жағдайда, бірлескен жауапкершілік шеңберінде қаражат барлық соңғы қарыз алушылардан алынады.

Қазіргі уақытта мемлекеттен алынған несиені несиелік серіктестіктердің барлық қатысушылары адал өтей бермейді.

Олар адал және адал емес болып бөлінген. Яғни, адал қатысушылардың өз несиелерін төлеу үшін серіктестіктер шотына салған несиелік қаражаттары серіктестіктің ортақ қарызын өтеуге алынады, ал адал емес қарыз алушылар өз қарыздарын өтемейді.

Осы жағдай қарызын өтеген адал соңғы қарыз алуышыларды қиын жағдайға қояды және әлеуметтік шиеленісті тудырады (қарыз алуышаларда шоттары тұтқындалған, басқа мемлекеттерге шығуға тыйым салынған, қарызды адал қарыз алушының жалғыз кіріс көзінен ұстап қалады).

Осы мәселені шешу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құрамына Бағдарлама операторларының (ҚР ҰЭМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР АШМ),  құқық қорғау органдарының, «Атамекен» ҰКП,  «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ және заңды тұлғалардың бірлестігі «Агроөнеркәсіптік кешеннің кредиттік серіктестіктерінің қауымдастығы» өкілдері кірген жұмыс тобы құрылды.

Сондай-ақ облыстың әкімдігі және прокуратурасында жұмыс топтары құрылды.

Несиелік серіктестіктердің адал мүшелерінің құқықтарын қорғау үшін жергілікті атқарушы органдары Кәсіпкерлер палатасымен және Облыс прокуратурасымен бірге несиелік серіктестіктермен әр соңғы қарыз алушымен жұмыс жүргізілуде.

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?