Жамбыл облысына іссапар туралы ақпарат

Жамбыл облысына іссапар туралы ақпарат

 

 

Шығыс Қазақстан облысы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021  жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында еңбек күші артық аймақтардан еңбек күші тапшы аймақтарға қоныстандыру жұмыстары жалғастыруда.

Мәселен, 2019 жылғы 11-14 ақпан аралығында Жамбыл облысына  39 адамнан тұратын делегация барды. Делегация құрамына қалалар мен аудандардың әкім орынбасарлары, ауылдық округ әкім орынбасарлары, жұмыс берушілер, Курчатов, Риддер, Семей, Жарма, Бородулиха, Көкпекті, Күршім, Шемонаиха және Глубокое аудандарының әлеуметтік қорғау жүйесінің өкілдері қатысты. Бұдан басқа, делегация құрамында облыстың денсаулық сақтау жүйесініңөкілдеріқатысты.
           Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Байзақ, Рысқұлов, Қордай, Меркі аудандарында, Тараз және Шу қалаларында халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстармен 1660 адам қамтылды. 200-ден астам адам көшіруге ниет білдірді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?