Изотов Владимир Сергеевич – «Өндірістің үздік жас маманы», «Азия Авто» АҚ

Изотов Владимир Сергеевич 1989 жылы туған, «АЗИЯ АВТО» АҚ-да бригадир, механика құрастыру жұмыстарының 4-ші разряд дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.

2010 жылы көлік және өмір қауіпсіздігі колледжін, 2016 жылы Омск гуманитарлық академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

Өз жұмысын сапалы және тиянақты істейді. Белсенді, кәсіптік өсуіне ынтасы бар, өз біліктілігін ұдайы көтеріп отырады.

Ұжымда құрметке ие,  әріптестеріне жұмысында туындаған қиыншылықтарды жою бойынша әрқашан көмекке келеді, облыс, қала және зауытың өміріде белсене қатысады.

Өнертабыстық қызметке қатысады. Владимир өндіріс процесін түбегейлі жақсартауға 14 ұсыныс енгізді, оның жарты бөлігі кәсіпорында жүзеге асырылды, жеке сапалық таңбасына ие болды.

«АЗИЯ АВТО» АҚ-ның өртке қарсы құрамасының мүшесі, сондай-ақ  құнды өндірістің жұмыс тобы құрамына кіреді.

2013 жылғы желтоқсан айында В.С. Изотов зауыттың дамуына зор үлес қосқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталған. 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік палатасының алғыс хатымен, жастар арасындағы «Человек труда» республикалық конкурсында «Машина жасауда үздік жас жұмысшы» номинациясында алғыс хатпен марапатталған.

2017 жылғы 10 қазаннан 18 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында конкурс қатысушыларына онлайн дауыс беру басталды.

Дауыс беріп біздің женімпаздарды қолдайық!

Дауыс беру сілтемесі: http://www.enbek.gov.kz/kk/node/346459



Сіз кім болып жумыс істейсіз?