Кәсібі бардың нәсібі бар

Ол рас. Істің көзін тауып, тындырымды тірлік еткеннің қашанда тұрмысы түзу, еңбегі берекелі. Үкімет шағын және орта бизнестің дамуына айрықша қолдау көрсетуде. Аталған саланы дамытуға бағытталған көптеген жобалар іске қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақ-ты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде көрсетілетін болады. Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Бүгінгі біз қозғалалы отырған мәселе, Елбасы міндеттеген басым бағыттың бірі – 2014 жылдан енгізе басталған «Өрлеу» жобасының өңірімізде жүзеге асуы. Бұл жоба бойынша табысы төмен, қаржыға мұқтаж отбасыларға мемлекет ақшалай жәрдем береді. Алайда, ол қаржыны қандай мақсатта алғалы жатқаны жөнінде нақты жоспары болуы керек.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыдан «Өрлеу» жобасының өзгешелігі әлеуметтік көмектің белсенді түрлерін қарастырады, онымен қатар отбасы өзіне отбасыны белсендірудің әлеуметтік келісім шартының талаптарын орындау үшін жауапкершілік артады. Жоба кедейліктен шығуға жағдайы бар, бірақ өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кедергіні меңгеру үшін көмекке және сүйемелдеуге мұқтаж халықтың осы топтарына көмектесуге тартылған. Шартты ақшалай көмек төлемі арқа сүйеушілік кейіпті азайтуға және пассивті ақшалай көмектен аз қамтылған халықты белсенді қолдауға ауысуға себептеседі.

Ағымдағы жылдың үстінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аталмыш жобаға  қатысуға ниет білдірген 97 отбасының өтініші қабылданып, қаржылай көмек көрсетілуде. Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша 39 отбасы, олардың ішінде 33 адам жұмыспен қамтылып, 10 адам кәсіби оқудан өтті, 2 кісі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз ісін ашты.

«Өрлеу» бағдар-ламасы бойынша жаңадан өз ісін ашып, жұмыс бастағанның бірі - Үлкен Нарын ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Айнұр Шағыбан бағдарлама арқылы қаржылай көмек алған. Ол ақшаға тігін машинасын, орталықтағы ғимараттардың бірінен жалға бөлме алып,  кәсібін бастап кеткен.

- Мен бала күнімнен іс тігуді жақсы көретінмін. Кейін мектеп бітірген соң, тігінші мамандығын меңгердім. Көптен бері тігінхана ашып, өз ісімді бастайын деп армандайтынмын. Биылғы жылдың көктемінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Айымгүл Сарсембина келіп, «Өрлеу» жобасы жайлы ақпарат беріп, ережелерін түсіндірді. Онан соң, отбасыммен ақылдасып, бизнес-жоспар жасап, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тігінхана ашу бойынша өтініш білдірдім. Олар менің өтінішімді қабыл етіп, қаржылай көмек көрсетті.

Алдымен туыстарыма төсек жабдықтары мен ұлттық киімдер тіге бастадым. Кейіннен өзге тапсырыстар да түсе бастады.  Бүгінде әртүрлі қиындықтағы киімдерге тапсырыстар қабыл-даймын. Алматы қаласынан маталар мен жіптер сатып әкеліп, сапалы киімдер тігуге тырысамын. Жолдасым және төрт балам бар. Қазір отбасыма жетерлік табыс табудамын. Өз ісімді бастағаныма аз уақыт болса дағы, дұрыс шешім қабылдағаныма сенімдімін. Болашақта қасыма көмекшілер алып, ісімді өркендетсем деймін. Мен «Өрлеу» жобасына, жергілікті атқарушы билікке, жұмыспен қамту бөліміне үлкен алғысымды білдіремін. «Өрлеу» халық арасынан өз орнын тапқан жоба, – дейді Айнұр.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?