Катонқарағай ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

     2016 жылдың 10 қазанында Катонқарағай аудандық Мәдениет үйінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту орталығы мен бірлесіп ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

     Бос жұмыс жәрмеңкесіне 150 ізденуші, 135 бос жұмыс орындарын ұсынған жұмыс берушілерден 44 өкіл қатысты.

     Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты бойынша өткізілген жәрмеңке бойыншажұмысқа орнасуға 129 адам жолдама алды. Жәрмеңкеге қатысқан қалған 6 адамға кеңес берілді.

     Жәрмеңкеде жұмыссыздар жұмыс берушілермен танысуға мүмкіншілік алды, бос орындар туралы ақпарат, жұмыспен қамту бөлімінің және жұмыспен қамту орталығының мамандарының кеңесін алды, ұсынған жұмыстың өзгешелігімен танысты.

     Кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің басты мақсаты мәселелерді шешу, ауданымызды қажетті еңбек ресурстарымен әлеуетін қалыптастыру, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, халықтың осал топтарына сондай-ақ жәрдемдесудің белсенді шаралары болып табылады деп өз сөзінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Тоқсанова атап өтті.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?