Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай өткізілген іс-шара

Іс- шара мақсаты:  Отанды қорғау -  азаматтық парызым деп білген, осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, интернационалдық борышын абыроймен өтеген, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаhарман жауынгер-жерлестеріміздің ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу.

2017 жылдың 02 ақпаны күні Үржар аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай, Ауғанстан жерінде әскери парызын өтеген және сол сұрапыл қантөгістің құрбаны болған Қазақстандық, Үржарлық интернационалист жауынгерлерге және Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлеріне арналған мәдениет үйінің қызметкерлері мен «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мамандарының ұйымдастыруымен «Ардагерлер-асыл ерлер!» тақырыбында үлкен іс- шара өткізілді. Бұл іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ішкі саясат бөлімінің  мамандары, аудан мектептерінің әскери жетекшілерімен жоғары сынып оқушылары, Мақаншы ауылының 2086 әскери бөлімінің жауынгерлері, Үржар ауылының тұрғындары  және бұл іс шараның негізгі қонақтары - интернационалдық борышын абыроймен өтеген, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, қаһарман жерлестеріміз қатысты.

Ауған соғысында қаза тапқан батыр азаматтар 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Соғыста қаза тапқан жерлестеріміз: Айкешов Молдаш Орынбаевич, Архатбаев Мақсат Абылкасымұлы, Байғабылов Қайрат Оразбекович, Дүйсембаев Бахтыбек, Кузьминов Федор Афанасьевич, Омаров Қалабек Жұмаханұлы, Тишаков Анатолий Алексеевич туралы фотослайдтар және Ауған соғысы, Чернобыль оқиғасы  туралы бейнефильмдер көрсетілді.

Біздің ауданымыз бойынша  жоғарыда аталған  қаза тапқан жеті сарбаздардың есімдері көшелерге берілгені, ауылдық мектептерінде оларға арналған  мемориалдық тақталардың  орнатылғаны туралы кеш барысында толық айтыла келіп, іс- шара патриоттық әндермен, билермен, көркемсөз оқумен, арнайы құттықтаулармен, марапаттармен жалғасын тапты.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?