КЕДЕЙЛІКТЕН ШЫҒУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

          Шығыс Қазақстан облысында үшінші жыл шартты ақшалай көмек (ары қарай - ШАК) төлемдері бойынша «Өрлеу» пилоттық жоба ретінде бастама алған, бұл жоба «Өрлеу», яғни алға жылжу деп аталады.

         «Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуына мүмкіндіктері бар, бірақ өз мүмкіндіктерін іске асырудағы кедергілерді еңсеру үшін көмек пен сүйемелдеуге мұқтаж тұрғындар топтарына көмектесуге арналған.

          Сонымен қатар «Өрлеу» шартты ақшалай көмек қолдаудың белсенді түрін ұсына отырып, отбасының қиын өмірлік жағдайды еңсеруге бағытталған әлеуметтік бейімдеу шараларын көздейтін болады. Яғни отбасы ақшалай көмекпен қоса өзіне жобаға қатысудың шарты болатын міндеттерді алады. Осы міндеттер мемлекет тарапынан және отбасы тарапынан «Өрлеу» жобасының ажырамас бөлігі - әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.

         Еңбек нарығы дамыған қалаларда негізгі әлеуметтік бейімдеу шаралары жұмыс орындарын іздеудегі, жұмыс істейтіндер үшін қосымша табыс іздеудегі көмек көрсетумен, уақытша жұмыс істейтіндер үшін оқыту және қайта оқыту бойынша көмек көрсетумен байланысты.

         Ауыл тұрғындарына келсек, олардың әлеуметтік бейімделу шаралары өз жерлерін кеңейтумен және тиімді пайдаланумен, жеке қосалқы шаруашылық құрумен байланысты.

         «Өрлеу» жобасына қатысу пилоттық кезеңде табысы аз тұрғындар үшін ерікті болып табылады. Алайда, егер отбасы жобадан бас тартса, әлеуметтік қолдауды бекітілген әлеуметтік келісімшарт негізінде болжанып отырғанмен салыстырғанда төменрек деңгейде алатын болады (күн көріс мөлшерінен 40 пайыз – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек).

«Өрлеу» жобасын іске асыру нәтижесінде:

         - жобаға қатысушылар өз еңбек потенциалын іске асыра алады;

         - табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасы тұрақты жеке көздер табысы есебінен арта түседі;

         - табысы аз отбасылар мүшелері әлеуметтік оңалту алады.

    ШАК алушыларының әлеуметтік жауапкершілігі жоғарылайды, масылдық көңіл-күйі төмендейді.

    «Өрлеу» жобасына қатысуға жан басына шаққанда отбасының орта айлық табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 60 % -дан аспаған жағдайда (2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 21506 теңге) жүгінген және әлеуметтік келісімшарттың жағдайларын орындауға келісімін берген отбасының құқығы бар. Өрлеу жобасына қатысу үшін нелер қажет?

    Өтініш беруші Өрлеу жобасына қатысу үшін өтініш беруші өз атынан өзінің және отбасы мүшелерінің ЖИК-ың тегін өтініш бланкілерін және «Өрлеу» жобасы қатысушысының отбасылық және материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы анкетаның болуы шартымен жүгінеді.

    Өтініш беруші Өрлеу жобасына қатысу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтішті және анкетаны толтырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері немесе тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тапсырылған құжаттың және толтырылған анкета мен өтініш толықтығын тексереді.

    Екі жыл 8 ай ішінде «Өрлеу» жобасын іске асыру шартты ақшалай көмек төлеу үшін облыс бойынша 25 мыңнан астам отбасы тексерілді. Жобаға 13878 адам (3087 отбасы) қатысты. Шартты ақшалай көмек алушыларының 6,2% - атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 54,1% - он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақыны алушылары және 39,7% - алғаш рет өтініш берген отбасылар.

    «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны облыс бойынша 33,5% кеміген және атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілеттілер үлесі 31%-дан 26,1%-ға дейін төмендеді. Орта есеппен, жобаға қатысушылардың жобаға қатысқан мерзімде жан басына шаққандағы орташа табыстары 2,7 есеге ұлғайған (5277 теңгеден 14151 теңгеге дейін).

    2016 жылғы 1 қыркүйектегі мерзімге «Өрлеу» пилоттық жоба бойынша ШАК-қа 1011 отбасы 4510 адам қатысты, оның ішінде 280 адам атаулы әлеуметтік көмек, 2442 адам мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар және 1788 адам алғаш рет келген аз-қамтылған адамдар. 1357 еңбекке жарамды азамат, олардың 140 адамы жобаға қатысар алдында жұмыстары бар, 1217 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты, оның ішінде 470 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып, 578 адам Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша, ақылы қоғамдық жұмысқа 127 адам, 14 адамға әлеуметтік жұмыс орнына, қайта оқыту және қайта даярлауға қатысқандар 6 адам.

    Қорытындысы: отбасыларға қатысты осындай жаңа жобалар масылдық көңіл-күйді еңсеруге, отбасылардың еңбек нарығындағы жауапкешілігін күшейтіге және мемлекеттің көмегіне тәуелді отбасыларды өздерінің күшіне сүйенуіне, өнімді жұмыспен қамтудың дамуына әкелуді қамтамасыз етеді.

    Қазақстанда әлеуметтік-әлжуаз топтардың өмір сүру деңгейін көтеруге барлық негіздер жасалған. Елбасы өз Жолдауында айтқандай, ең бастысы –масылдық көңіл-күйдің болмауы. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметі іс-әрекетінің негізгі әлеуметтік басмыдылығының бірі. Лайықты жұмыспен қамту – халықтың әлеуметтік қорғалуы негізі, адами ресурстар әлеуетінің дамуы мен іске асуының маңызды шарты, қоғамның өмір сүру деңгейінің арта түсуі.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?