КЕДЕЙЛІКТЕН ШЫҒУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

КЕДЕЙЛІКТЕН ШЫҒУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

 

         Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысында «Өрлеу» шартты  ақшалай  көмек (ШАК) енгізу бойынша пилоттық жоба басталды, бұл жоба «Өрлеу», яғни алға жылжу деп аталды.

           «Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуына мүмкіндіктері бар, бірақ өз мүмкіндіктерін іске асырудағы кедергілерді еңсеру үшін көмек пен сүйемелдеуге мұқтаж тұрғындар топтарына көмектесуге арналған.

         Сонымен қатар «Өрлеу» шартты  ақшалай  көмек қолдаудың белсенді түрін ұсына отырып, отбасының қиын өмірлік жағдайды еңсеруге бағытталған әлеуметтік бейімдеу шараларын көздейтін болады. Яғни отбасы ақшалай көмекпен қоса өзіне жобаға қатысудың шарты болатын міндеттерді алады. Осы міндеттер мемлекет тарапынан және отбасы тарапынан «Өрлеу» жобасының ажырамас бөлігі - әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.

         Еңбек нарығы дамыған қалаларда негізгі әлеуметтік бейімдеу шаралары жұмыс орындарын іздеудегі, жұмыс істейтіндер үшін қосымша табыс іздеудегі көмек көрсетумен , уақытша жұмыс істейтіндер үшін оқыту және қайта оқыту бойынша көмек көрсетумен байланысты.

         Ауыл тұрғындарына келсек, олардың әлеуметтік бейімделу шаралары өз жерлерін кеңейтумен және тиімді пайдаланумен, жеке қосалқы шаруашылық құрумен байланысты.

         «Өрлеу» жобасына қатысу пилоттық кезеңде табысы аз тұрғындар үшін ерікті болып табылады. Алайда, егер отбасы жобадан бас тартса, әлеуметтік қолдауды бекітілген әлеуметтік келісімшарт негізінде болжанып отырғанмен салыстырғанда төменрек деңгейде алатын болады (күн көріс мөлшерінен 40 пайыз – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек).

         «Өрлеу» жобасын іске асыру нәтижесінде:

         - жобаға қатысушылар өз еңбек потенциалын іске асыра алады;

         - табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасы тұрақты жеке көздер табысы есебінен арта түседі;

         - табысы аз отбасылар мүшелері әлеуметтік оңалту алады.

         ШАК алушыларының әлеуметтік жауапкершілігі жоғарылайды, масылдық көңіл-күйі төмендейді.

         «Өрлеу» жобасына қатысуға жан басына шаққанда отбасының орта айлық табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 60 % -дан аспаған жағдайда (2014 жылғы    1 шілдедегі жағдай бойынша 19035 теңге) жүгінген және әлеуметтік келісімшарттың жағдайларын орындауға келісімін берген отбасының (адамның) құқығы бар. Өрлеу жобасына қатысу үшін нелер қажет?

         Өтініш беруші Өрлеу жобасына қатысу үшін өтініш беруші өз атынан өзінің және отбасы мүшелерінің ЖИК-ың тегін өтініш бланкілерін және «Өрлеу» жобасы қатысушысының отбасылық және материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы анкетаның болуы шартымен   жүгінеді.

         Өтініш беруші Өрлеу жобасына қатысу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтішті және анкетаны толтырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері немесе тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тапсырылған құжаттың және толтырылған анкета мен өтініш толықтығын тексереді.

         2014 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 610 әлеуметтік келісімшарт бекітілді, осы келісімшартпен 2754 адам қамтылды, оның ішінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға 647 адам жүгінді, оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына 250 адам, қлғамдық жұмыстарға359 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адам жіберілді, 16 адам қайта даярлықтан және біліктілік арттырудан өтті, 2 адам жастар іс-тәжірибесіне жіберілді.

         Қорытындысы: отбасыларға қатысты осындай жаңа жобалар масылдық көңіл-күйді еңсеруге, отбасылардың еңбек нарығындағы жауапкешілігін күшейтіге және мемлекеттің көмегіне тәуелді отбасыларды өздерінің күшіне сүйенуіне, өнімді жұмыспен қамтудың дамуына әкелуді қамтамасыз етеді.

         Қазақстанда әлеуметтік-әлжуаз топтардың өмір сүру деңгейін көтеруге барлық негіздер жасалған. Елбасы өз Жолдауында айтқандай, ең бастысы –масылдық көңіл-күйдің болмауы. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметі іс-әрекетінің негізгі әлеуметтік басмыдылығының бірі. Лайықты жұмыспен қамту – халықтың әлеуметтік қорғалуы негізі, адами ресурстар әлеуетінің дамуы мен іске асуының маңызды шарты, қоғамның өмір сүру деңгейінің арта түсуі.   

             



Сіз кім болып жумыс істейсіз?