Кедергісіз шығармашылық

Кедергісіз шығармашылық

 

Ағымдағы жылдың 22 шілдесі күні Өскемен қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Мен өмір сүретін әлем» атты ән-жыр фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, денсаулық жағдайын оңалтуға және қоғамда бейімделуіне көмек көрсету.

«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында фестивальді ұйымдастырды.

Фестивальға облысымыздың 15 ауданынан 21 мүмкіндігі шектеулі бала қатысып, әрбір бала естелік сыйлық пен алғыс хатқа ие болды.

Жыл сайын ШҚО мүмкіндігі шектеулі балалар арасында әр түрлі мәдени іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары өткізіліп тұрады.

Ағымдағы жылдың қазан айында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Ерекше сән көрсетілімі» атты конкурс өтеді деп жоспарлануда 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?