ӘР ҚАШАН ЖАДЫМЫЗДА САҚТАЙМЫЗ

 

ӘР ҚАШАН ЖАДЫМЫЗДА САҚТАЙМЫЗ

 

 

 

ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі МӘМ» КММ тұрғындары 5 мамыр күні соғыс ардагері, тыл еңбеккері, жас мүмкіндігі шектеулі адамдар ескерткішкемәңгілік отқа гүл шоқтарын өз өмірлерін басқа жандарға құрбан еткен адамдарға апарып қойды. Соғыс ардагері Миселев Павел Иванұлы қалалық ақпарат орталығына сұхбат беріп жас ұрпақтарға  тыныштықты сақтапқалуға, тыныштықта өмір сүруге шақырды. Осы күні қарттар үйінде тұрып қайтыс болған ардагерлердің бейіт басына барды. Мекеме ішінде құрылған арнайы соғыс ардагерлердің, тыл еңбеккерлердің музейінде жастар мен кездесу жүргізілді. Ардагерлеріміз сұрапыл соғыс жайлы мәңгілік есте сақтау керектігін айтып үлгі өнеге көрсетті. Қазіргі таңда қарттар үйінде 1 соғыс ардагері, 33 тыл еңбеккері, 3 соғыста қазатапқан жесір әйелдері тұрады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?