Басқармадағы Мемлекеттік рәміздер күні

                                   

                                Басқармадағы  Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні біздің Басқарма республикалық акцияға қатысты – тура сағат 11.00-де мәжіліс залында басқарма ұжымы Мемлекеттік әнұранды орындады. Ұжым қоршауында           Ж. Сәтбаева мемлекеттік қызметкердің антын қабылдады. Бұл 2015 жылғы 4 маусым күні ұмытылмас, толқуға толы және маңызды  күн ретінде                          Д. Мұратқанқызы үшін болды. Динара жас мемлекеттік қызметкердің антын жаңа театрдың алдындағы алаңда өткен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шарада қабылдады.

Мерекелік күннің екінші жартысында басқарма ұжымының Өскемен қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы М. Екібасовамен кездесуі өтті.  Майраш  Шайзадинқызы ұжымды мерекемен және жас мемлекеттік қызметкерлерді өмірлерінің маңызды күнімен құттықтады. Майраш Шайзадинқызы партия жұмысы, өзінің жұмысы туралы айтты, әсіресе халықпен әріптестік мысалдарына тоқталып, өз істерін адал және патриоттық сезіммен орындауға шақырды. Кездесу жеңіл және достық қарым-қатынаста өтті. Кездесу барысында басқарма ұжымы сұрақтар қойып, партияға өту мәселелерін талқылады

.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?