Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі 

2019 жылдың 19 сәуірінде Өскемен қаласы облыс әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г. Н. Әбдіхалықованың төрағалығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңеске Үкімет мүшелері, басқарма басшылары және Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін іске асыру қорытындысы шығарылды және 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспардың жобасы талқыланды.

Мүгедектіктің алдын алу және инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедектігі бар адамдар үшін «кедергісіз орта» құру бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру саласындағы оң тәжірибелері туралы үкіметтік емес ұйымдардың сөз сөйлеулері тыңдалды.

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?