Мүгедектер күніне арналған іс-шара

     Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күні мүгедек жандардың проблеммаларына, олардың құқықтары мен амандықтарына көңіл аударуға, қоғамның көңілін мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени шараларға қатысуынан басымдылықтар табуға бағытталған.    

     Бүгінгі таңда облысымызда 59 мыңнан астам мүгедек адамдар бар, оның ішінде 4,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар. Арнаулы әлеуметтік көмек алатын мүгедектер саны 5694 адамды құрайды, оның ішінде 2683 адам үйде көмек алатын болса, 358 адам жартылай стационар, 2653 адам стационар жағдайларында алады.

     2016 жылғы 12 қазанда Глубокое ауданының Винное ауылында Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған іс-шара өтті. Мерекеге Өскемен қаласының, Глубокое және Ұлан аудандарының мүмкіндігі шектеулі 45 азаматы, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.

     Іс-шарада иппотерапия процессімен, аттардың ерекшеліктерімен танысу, бейімдеу ат спортының атгерлері мен нұсқаушылардың көрсетілімдері өткізілді.

     Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар иппотерапия сабағын алу мүмкіндігін алды.

     Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.  



Сіз кім болып жумыс істейсіз?