Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету басым түрлері

«Зырян ауданы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ Серебрянск қ. 169 адамға қызмет көрсетеді, олардың арасында 38 адам – тылдағы еңбеккерлер, 13 адам – 1,2,3 тобының мұгедек-зейнеткерлері және 2 адам – 1,2 тобының зейнеткерлік жасы жетпейтін мүгедектер.

Осылайша, қазіргі таңда Серебрянск қ. әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі әлеуметтік жұмыскердің көмекке мұқтаж болған мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени және қажеттілік болған кезінде әлеуметтік-құқықтық пен әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетеді.

Қазіргі таңда, мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету, әлеуметтік көмектің басымдықты түрі деп есептеледі. Баяғыдай бұл қызмет көрсету ең қажетті болып тұр. Тәжірибесі көрсеткендей көпшілік әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер азық-түлік,  бірінші қажеттілік өндірістік тауарларды сатып және үйге жеткізу, тамақ дайындау және үйді жиыстыруға көмектесуге жатады. Бұның бәрі қалыпты өмір жағдайлар жасау мақсатында жеткілікті толық және қызмет алушылардың қажеттіліктерді уақытында қанағаттандыруға қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету – әңгімелесу, қатынасу, тыңдау, қолдау, белсенділікке уәждемесі, қызмет алушылардың өмірлік тонусын психологиялық қолдау да әлеуметтік көмектің басымдықты түрі деп есептеледі, себебі қариялық пен бірге қауіп және жалғыздық келеді, өмірлік қуаты төмендейді.

Қызмет алушыларға ең бастысы денсаулық. Қамқорлыққа алынған адамдардың ішінде көпшілігі жалғыз тұрып жүр, соңдай адамдар әлеуметтік жұмыскердің көмегіне сенеді, сол үшін әлеуметтік жұмыскер оларға келесі әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсетеді: дәрігерге дейінгі көмек, санитариялық-гигиеналық қызметтер (ысқылау, жуу, гигиеналық ванна), жеңілдікті дәрі алуға көмектесу.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің келесі - әлеуметтік-мәдени қызметі. Әлеуметтік жұмыскер, қызмет алушыларды ойын-сауық іс-шараларға еліктіріп шығармашылық белсенділікке тартады, осының бәрі жалпы және мәдени ой-өрісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің әдістер мен түрлерін арттыру үшін орталық мамандарымен әрдайым жұмыс өткізіліп тұр.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?