Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Ерекше сән көрсетілімі»

Мүмкіндігі шектеулі

адамдарға арналған «Ерекше сән көрсетілімі»

 

         2015 жылғы 16 қазандағыШығыс Қазақстан облысының Драмалық театрында  Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Қамқорлық» акциясын өткізу шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Ерекше сән көрсетілімі» өтті. Іс-шара «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесе бекітілген жоспарына сәйкес жүргізілді. Мерекелік шараны ұйымдастыруда ШҚО Кәсіпкерлер палатасы көмек көрсетті.

         Аталған іс-шараға Өскемен, Риддер қалаларынан, Ұлан, Глубокое, Зайсан, Шемонаиха, Бесқарағай аудандарынан келген 73 мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

         Сән көрсетілімі үшін қатысушыларға ерекше дизайнмен жасалған көйлектер мен костюмдар тіккен салондар:

×          «Эльдорадо» - Манафова Диляфрусь Кутузовна;

×          Жеке кәсіпкер -  Пестрякова Татьяна Михайловна;

×          «Багира» - Фролова Нина Михайловна;

×          «Ворсинка» - Швецова Ольга Ивановна.

Сәнге қатысушы жеке әр адамға арнайы аяқ киімдер Өскемен қаласының протезді-ортопедиалық орталығымен тігілген.

 Көрсетілімде ерекше талаптары бар жандар арасынан балалар әндер орындап, мерекелік шараның көрермендеріне тек жақсы көңіл-күй сыйлады. Барлық модельдер подиумнан жүріп, өз костюмдары мен көйлектерінің әдемілігі мен олардың ыңғайлы болуын көрсетті, 

Іс-шараға сонымен қатар, 30 көпбалалы аналар балаларымен бірге оларға «Райская птица» әдемілік және денсаулық орталығына баруға тегін абонементтер беру үшін шақырылды. Осы қызметті көрсетуге өз ықыласын білдірген орталық директоры  Медведева Елена Николаевна.

Өткізіліп жатқан іс-шара барлық қатысушыларды облыстық драма театры актерлерінің қатысуымен «Кот в сапогах» атты балалар спектакліне шақырумен аяқталды.

Жалпы өткізілген шара барлық қатысушылардың жүректерінде тек жақсы эмоциялар ғана қалдырды. Аталған іс-шараны жыл сайын өткізу ұсыныстары болды.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?