Мәртебесі жоқ азаматтарды белгілеу

Азаматтардың мәртебесін белгілеу бойынша 2017 жылы 22 қаңтардағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқалық қатысуымен өткен селекторлық кездесуінде берілген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасын орындауда қала әкімдігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) мәртебесі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңалықтармен байланысты әлеуметтік шиеленіс тәуекелінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2017 жылы 21 сәуірде мәртебесі жоқ азаматтарды белгілеу бойынша қала әкімінің орынбасары Н. В. Шарованың  төрағалығымен  қала Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен отырыс өтті. Қала әкімінің орынбасары      Н. В. Шарова өз сөзінде Отбасылық Дәрігерлік Амбулаториясының (ОДА) шақырылған жұмысшыларына мәртебесі жоқ азаматтарды белгілеу үшін ОДА-да тіркелген азаматтардың тізімдерін  «ШҚО Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не ұсыну бойынша жұмыстарды жеделдету қажеттілігін ұсынды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.А. Құрманғалиев ОДА басшыларына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «кедергісіз» орта мемлекеттік стандартын сақтау тәртібін орындауды ескертті. Жұмыспен қамту орталығының директоры Т. Д. Шинжин Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік-еңбектік саласының бірыңғай ақпарттық жүйесіне деректерді енгізу бойынша ОДА ұсынған тізімдермен жұмыс туралы ақпарат берді.