Мекеме басшыларының кәсіби біліктілігін оқыту және дамыту арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату

 

Сәуір және мамыр айларында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен (жетекшісі: Е.В. Старенкова) «Әлеуметтік қызметкерлер және еріктілер ассоциациясы» ҚБ (төрайымы К.Ш. Коккозева) белсенді түрде Президенттің Қазақстан халқына басты міндеттерінің бірі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздейтін жолдауы аясында келесідегідей тақырыпта әлеуметтік қызмет көрсету сферасы жетекшілерінің, мамандарының біліктілігін арттыру курстары өткізілд жатыр: «Мекеме басшыларының кәсіби біліктілігін оқыту және дамыту арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату».

ШҚО Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтары директорларының орынбасарларының біліктілігін жоғарылату курстары.

18-20 сәуір аралығында «Әлеуметтік қызметкерлер және еріктілер ассоциациясы» ҚБ-де «Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен қарт адамдарды  оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен және қатысуымен ШҚО Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтары директорларының орынбасарларының біліктілігін жоғарылату курсы өтті.

Кездесу бірінші күні тұтастай Өскемен қаласы университеттерінің аға оқытушыларымен ерекше балалар мен ересектерді қолдаудың негізгі аспектілерін талқылауға арналды. 

Содан кейін egov.kz порталында жұмыс істеу бойынша семинар-тренинг өтті.

Екінші күні әлеуметтік оңалтудың қазіргі заманғы теориялары мен технологиялары талқыланды.

Үзілістен кейін тыңдаушылар  тренер К.Ш.Коккозева өткізген «Әлеуметтік жобаларды жазудың алгоритмі» тренингіне белсене қатысты.

Дәрігер-психиатр, МӘЭК жетекші маманы С.И. Королева ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар мен қарт адамдарды оңалтудың психо-әлеуметтік негіздері туралы мағлұмат берді.

Үшінші күні логопед-дефектолог, ШҚО ПМПК маманы Р.Т. Байчинов балаларды оңалтудың жеке бағдарламасы, ПМПК қорытындысы, олардың ерекшеліктері және өзара әсері  тұрғысындағы мәселелер төңірегінде ақпарат берді.

 Курсанттар профессор К.Ш.Кумаржанованың  «Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар және қарт адамдарды оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дәрісіне қызығушылықпен қатысты.

Педагогика магистрі Т.И. Карачева коммуникативтік біліктілікті дамыту бойынша тренингтік  сабақтар өткізді.

Тыңдаушылар курсты ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді және алған ақпараттарының тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде қажет болатындығын айтты.

   Директорлардың орынбасарларының біліктіліктерін арттыру курсы әлеуметтік жобалар конкурсымен аяқталды:

«Бородулиха АӘҚКО» Ежова В.М.

«Семей №2 АӘҚКО» Есикова Е.В.

«Риддер АӘҚКО» Абдракеева М.Ш.

Курс соңында дикуссия болды, болашаққа жоспарлар құрылды, қатысушыларға сертификат тапсырылды.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?