Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордағы арнайы әлеуметтік қызметтердің жүйесін дамыту

      2016-2017 жылдарға арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша  аймақтағы мемлекеттік емес секторын  Жол картасын дамыту бағдарламасы  шеңберінде жүзеге асыру мақсатында ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордағы арнайы әлеуметтік қызметтердің жүйесін дамыту» тақырыбында  2016 жылдың 24 қарашасында семинар өтті.  

     Семинар мақсаты – облыстағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылату, Қазақстан Республикасындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша заңдылықтың сақталуы және бақылау, мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордағы арнайы әлеуметтік қызметтердің жүйесін дамыту, мемлекеттік емес ұйымдардың  арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жұмысына белсене қатысуы.

      Семинарға  Коккозева Кульчария Шамильевна ШҚО әлеуметтік қызметкерлер Ассоциациясының төрайымы, Сарсен Аманжолов атындағы ШҚМУ психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, қалалық  және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылары, күндізгі қабылдау жағдайындағы және  үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушілері мен кеңесшілері, мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары қатысты.

     Семинар арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамытудағы  тәжірибе алмасудың ыңғайлы бір тұрақты тәсілі болды.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?