Мен болашаққа сенемін!

Мен болашаққа сенемін!

2017 жылдың 24 мамырында  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»  КММ-нің әлеуметтік қызметкерлері Орталықтың жоспары бойынша Абай атындағы кітапхана ұжымының демеушілігімен   «Мен болашаққа сенемін!»  тақырыбында ата-аналармен психологиялық  тренинг өткізді.

Мақсаты:  Ата-аналар арасында қарым-қатынасты  нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш- қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Ата-аналарға  ортақ  мәселелерін  бөлісуге, отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие беру стильдері, отбасы мүшелерін топтастыруға  бағытталды.  Тренингте «Өрмекшінің торы», «Жаңғақтар», «Ертегі құрастырайық», «Алақандағы гүл» релаксациялық  жаттығулар мен «Экспо -2017 – менің болашағымның айнасы» , логикалық сұрақтар және тапсырмалар беріліп, ата-аналар белсенділік танытты. Сондай-ақ өздерінің ойда жүрген проблемалық жағдайлары мен ой-пікірлерін бөлісіп, соңы кофе брейкпен жалғасты.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?